«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тігіншіліктің тілін түсінген

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тігіншілікті өнер десе де, кәсіп десе де болады. Ол икемді болуды ға­на емес, үлкен төзімділікті де талап етеді. Айналысатын ісіңді жан-тә­ніңмен сүйгенде ғана оның қыры мен сырын толық меңгеріп шыға­сың. Ал бұл кәсіпті бір игеріп алсаңыз, сізді табыссыз қалдырмайды. Қазір кәсіпқой ісмерлердің қол еңбегі жоғары бағаланады. Мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен өз кәсібін ашып, шаруасын дөңгелетіп отырғандар баршылық. «Еңбек» бағдарламасы арқылы Уәлиханов ауданына көшіп келген Нұргүл Салмұханова – тігін өнерінің тілін түсінген жан.

Ер азаматтың тірлігі түзде болса, әйел – үйдің берекесі, отбасының ұйыт­қысы. Уақытпен санаспастан бә­ріне үлгеруі тиіс. Бесікті тербетіп, ба­ла тәрбиесімен де шұғылданады. Шү­кір, екі перзентті қатарынан кем қыл­май өсіріп отыр. Қосымша жұмыс іс­теп, та­быс таппаса, отбасы бюджетін молай­туға мүмкіндік жоқ. Сондықтан қосым­ша табыс көзін табуға бел бай­лайды. Қазір үйінің бір бөлмесін ша­ғын тігін шеберханасына айнал­дырған.

Нұргүлдің бала кезінен тігіншілікке икемі бар. 2006-2007 жылдар аралы­ғында Шымкент қаласындағы тігінші­лерге арналған арнайы курсты аяқ­тап, тігін өндірісі және киімдерді мо­дельдеу кәсібін меңгеріп шыққан. Уа­лиханов ауданының Кішкенекөл ауы­лы­на көшіп келе салысымен аудан­дық кәсіпкерлер бөлімінен жеке ісін ашып, оны қалай жүргізу туралы ке­ңес сұраған. Жұмыспен қамту орта­лығы арқылы мемлекеттен 583 мың теңге қайтарымсыз грант алып, мем­лекеттің шынайы қамқорлығын сезін­ген кәсіпкер бұл қаражатқа соңғы үл­гі­дегі тігін машиналарын сатып алыпты.

– Мемлекет шағын және орта биз­несті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау ба­ғытында көп көмектесуде. Бұл өз ісін жаңадан ашып, кәсіп бастап жатқан біз сияқты жандарға жасалған зор қол­дау деп білемін. Себебі экономика­ның негізгі тірегі – осы шағын және орта бизнес иелері ғой, – дейді Нұр­гүл Аташқызы.

Ісмердің қолынан шыққан жастық, көрпелері өзгеше оюларымен көз тар­тады. Ал қазақы камзол мен кішкен­тайларға арналған тұсаукесер жиын­тығы тіптен ерекше. Тігінші неше түр­лі перделер, қыздарға арналған көй­лек, тұрмысқа қажетті заттар тігуге тап­сырыс қабылдайды. Жаңадан кә­сіп бастаған жан үшін бұл үлкен же­тістік. Ша­ғын бизнестің ашылғанына аз уа­қыт болса да тұтынушылары кө­бей­ген. Одан бөлек, балабақшалар мен мектептерден де тапсырыс алады.

– Жұмысты тапсырыс берушінің көңілінен шығардай етіп уақтылы дайындауға тырысамын. Егер ол тұ­тынушы көңілінен шықса, еңбегімнің ақталғаны. Өз қолыңнан шыққан әрбір бұйым өзіңе ыстық. Өйткені ол шынайы сүйіспеншілікпен жаса­ла­ды, – дейді кәсіп иесі.

Шеберханада қолөнер бұйым­да­рын тігумен қатар шалбардың бала­ғын қысқарту, үлкен киімді кішірейту се­кілді қосымша қызметтер де көрсе­тіледі. Соңғы уақытта қыз жасауына тап­сырыс берушілер қатары кө­беюде.

– Қазіргі заманда қолөнерді үйре­немін деушілерге мүмкіндік көп. Жүр­ген жерімде ерекше үлгідегі киімдер мен ою-өрнектерге көз қырын салып жүремін. Ғаламтордың да көмегі көп. Халық жаңа үлгідегі ерекше дүние­лерді ұнатады. Ал тұтынушы кө­ңі­лі­нен шығу – біздің басты мақсатымыз, – дейді ісмер.

Тігіншіліктің тілін түсінген шебер­дің бұл бастамасы қолдауға тұрар­лық. Икемі келетін істі игеріп әкетіп, от­басылық кәсіпке айналдырып отыр­ған Нұргүл Аташқызы көпке үлгі.

Әділет БАҒЛАНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp