«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қаладағы ескерткіштер қашан жөнделеді?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жеңіс саябағы – Петропавлдағы ең көрікті жерлердің бірі. Онда серуендеп қана қоймай, отбасыңызбен Есіл өзенінің жағалауын тамашалауға, ал қыста сноуборд теуіп, аққала соғуға болады. Зәулім арка мен шамдар, әдемі орындықтар – бәрі де қала тұрғындары мен қонақтарының иглігі үшін жасалған.

Саябақта Ұлы Отан соғысына ар­налған көптеген тарихи және мәдени ескерткіштер бар. 2015 жылы мұнда ау­қымды жұмыстар жүргізіліп, ес­керт­кіштердің біразы қалпына келті­рілді. Тоғыз ақпараттық пилон орна­тылып, биіктігі 4,5 метр болатын ес­керткіш қойылды. Сондай-ақ солтүс­тік­қазақстандық батырлардың есім­дері жазылған тақталар да алыстан көз тартады.

Бір өкініштісі, қазіргі күні олардың көбі жөндеуді қажет етеді. Солардың бірі – Ұлы Отан соғысындағы Же­ңіс­тің құрметіне орнатылған обелиск. Ес­керткіштің қаптамасы қирап, плитка­лары құлап жатыр. Биік ескерткіштің жүдеу күйі қала тұрғындарының көңі­ліне қаяу салатыны жасырын емес.

– Мен осы маңда, 20-сыншы ша­ғынауданда тұрамын. Кешкісін доста­рыммен серуендеп, ит жүгіртемін. Ескерткіш жартылай қираған, көңілге кірбің ұялатады. Өкініштісі, күтім жоқ, ешкім назар аудармайды, ешкімге керегі жоқ секілді. Бұл жеңіс туралы естелік, ал мерекеге аз ғана уақыт қалды, – дейді қала тұрғыны Камилла Ахметова.

Петропавл қаласы әкімдігінің ма­мандары 9 мамыр – Жеңіс күніне да­йындық қызу жүріп жатқанын хабар­ла­ды. Жеңіс мерекесіне орай барлық ескерткіштерге, обелисктерге, май­дан­герлер жерленген орындарда тек­серу жүргізілді.

– Оның нәтижелері бойынша 22 нысанға ағымдағы жөндеу қажет. Нақ­ты айтқанда, Жеңіс стелласы, Даңқ обелискі, “Мәңгілік алау” мемориалы, Настя Прокопичева ескерткіші, саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған монумент, аза тұту қабырғасы, Венгр-большевиктерінің бауырлас­тар зираты, сондай-ақ Жеңіс саяба­ғында орналасқан нысандар қалпы­на келті­ріледі, – деді Петропавл қа­ласы әкі­мінің орынбасары Асқар Хабибул­лин.

Жөндеу жұмыстары 11 сәуірде бас­талған. 25 сәуірге дейін аяқталмақ.

Алтынай ҚАЗИҚАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp