«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Петропавлдық жолаушы тасымалдаушылар субсидия ала алмай жүр

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсіновке тағы бір кәсіпкер өзінің арызын айтты. «KYZYLZHAR BUSES» ЖШС өкілі Наурызжан Исмаилов Петропавл қаласындағы әлеуметтік-маңызды автобус бағыттары мен жолаушылардың кейбір санаттарына кететін шығындарды субсидиялау шартына сәйкес демеуқаржы төлеу бойынша мәселені шешуді сұрады. Қалалық әкімдіктің кәсіпорынға 200 миллион теңгеден астам берешегі бар, деп хабарлайды Qyzyljaenews.kz тілшісі.

Былтыр кәсіпорын Петропавл қалалық ТҮКШ , автомобиль жолдары және жолаушы тасымалы бөлімімен келісім-шарт жасасқан. Қыркүйек айынан бері жұмыстар атқарылып жатыр, бірақ әкімдік демеуқаржыны беруге асығар емес.

-Қарыз өсіп жатыр. Біздің өтінішімізге ТҮКШ бөлімі тіпті жауап бермейді, қаржы бөлінбейді деп құтылады. Менің ойымша, олар бұл мәселені алдын ала толық пысықтамаған, — дейді Наурызжан Исмаилов.

Осы мәселеге қатысты жауап берген СҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Мирхат Әбілмәжінов өздерінің барлық қажетті шараларды қолданғанын айтты.

— Облыс әкімі жиналыс өткізіп, субсидияны төлеуді тапсырды. Біз қалалық әкімдіктен келісім-шарттар мен есептеулерді сұраттық. 20 бағытқа берілетін субсидия сомасы 3 млрд теңгеге жуықтаған. 775 млн теңге бөлінген. Бірақ қыруар қаржының қайда, не мақсатпен жұмалғанын айта алмаймыз. Өйткені, қалалық бюджет жайлы ақпарат алуға құқығымыз жоқ,-деді Мирхат Әбілмәжінов.

Бизнес-омбудсмен солтүстікқазақстандық тасымалдаушылар 140 автобусты лизингке алып, уәде етілген субсидияға қол жеткізе алмағандықтан банкротқа ұшыраған «Semey Bus» автопаркінің кебін кимеуі үшін бұл мәселені дәл қазір шешу қажетттігін атап өтті.

Фото: ашық дереккөзден

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp