«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Биыл Қазақстанда білім гранттары көбейді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Келесі оқу жылы жоғары оқу орындарына 73 мың, колледждерге 31 мың грант бөлінеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Қазақстанның Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, бүгінде еліміздің оқу орындарында 1,1 миллионнан астам студент білім алуда. Орташа есеппен жыл сайын олардың 300 мыңы жұмысқа орналасады.

Биыл 73 мың грант қарастырылып отыр. Студенттердің шәкіртақысы да екі есе артты. Мемлекет басшысының тапсырмасымен техникалық мамандықтарға берілетін гранттар 40 пайыздан 60 пайызға дейін көбейді.

-Колледждерде де оқу гранттары саны жыл сайын ұлғайып келеді. Биыл олардың саны рекордтық 31 мыңға өсіп отыр. Оның 70 пайызы техникалық мамандықтарға беріледі. Колледждерге түсу үшін тапсыратын емтихандарды алып тастадық, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға арнайы квота беріледі. Ал гранттар баяғыдай әр колледжге бөлінбейді. Енді нақты талапкер студент тиісті грантты жеңіп алады, содан кейін ғана колледж таңдалады. Сәйкесінше бұл шара олардың бәсекелестігін арттырады, — деді Асхат Аймағамбетов.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp