«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қоныстанушыларға арнап салынған үйлердің сапасы нашар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жұмыс күші басым өңірлерден көшіп келген отбасыларға арнап салынған 1206 үйдің 485-інің сапасы нашар. Баспаналардың жағдайы қоғамдық кеңес отырысында талқыланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Мұстафин облыста 2019-2020 жылдар аралығында «Еңбек» бағдарламасы бойынша 8,6 млрд теңгеге 1206 тұрғын үй сатып алынғанын айтты. Тексеріс барысында 485 баспананың сапасыз салынғаны анықталды.

Осы уақытқа дейін сапасыз үйлердің 472-сі жөнделді. 13-інде жұмыстар әлі аяқталған жоқ. Мердігерлерге Айыртау ауданында — 6, Мамлют ауданында- 3, Тайынша ауданындағы 4 үйдің кем-кетігін толтыру үшін шілде айына дейін уақыт берілді.

-2019-2020 жылдары бір үйдің құны 7 млн теңге болатын. 2021 жылы Президент Әкімшілігі мен есеп комитеті тексергеннен кейін екінші жартыжылдықтан бастап үйлерді 8 млн теңгеден сатып ала бастады. Заңнамаға сәйкес, жеке құрылыс ұйымдары баспананы пайдалануға өздері береді. Мемлекеттік құрылымдардың құрылыс және пайдалануға қабылдау кезеңіне қатысуы алынып тасталды. Үйлер техникалық ерекшеліктерге сәйкес мемлекеттік тендер арқылы сатып алынады. Алған кезде үйлер сатып алу рәсімдерінің талаптарына сәйкес келді. Құрылыс жұмыстарының жекелеген түрлерінің сапасыз орындалғаны тек қоныстанғаннан кейін ғана анықталды, — деді Қайрат Мұстафин.

Басқарма басшысының орынбасары ақаулардың 65%-ы үйлердің ішінде екенін айтты. Яғни, төбесі дұрыс жабылмаған, есіктер дұрыс орнатылмаған. Тіпті, кейбірінде сантехника мүлдем жоқ.
Қайрат Мұстафинның айтуынша, бағдарлама бойынша мердігерлер септиктер салып, үйді қоршауға, қора-жай салуға міндетті емес. Дегенмен бұл мақсатқа аудан мен облыс бюджетінен 800 млн теңге бөлінген.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp