«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өңір тұрғыны тіркелмеген қаруды шифоньерде сақтаған

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Айыртау ауданының полицейлері жедел-профилактикалық іс-шара барысында жергілікті тұрғыннан 16 калибрлі «ИЖ» мылтығын тәркіледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Мылтық иесінің айтуынша, қару қайтыс болған туысына тиесілі болған.

Қауіптізатқолжетімдіорында— шифоньердіңішіндесақталған. Мылтық тәркіленіп, ер адамға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабы «Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленуі, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы» бойынша материал жинастырылды.

3 ақпаннан бастап облыс аумағында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталған болатын, нәтижесінде заңсыз айналымнан тіркелмеген 43 қару, 44 оқ-дәрі тәркіленді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp