«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Биыл Петропавлды жағымсыз иістен арылту үшін биотоғанға 19 мың литр хлорелла балдыры құйылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Көктем келісімен Петропавлда тағы да қолқаны қабатын жағымсыз иіс тарай бастады. Онымен күресу үшін былтыр биотоғанға хлорелла балдырлары салынған еді. Дегенмен, тек келесі жылы ғана нәтиже бере бастайды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Мамандардың айтуынша, күлімсі иіс қала маңындағы биотоғаннан шығады. Оны жою үшін «Қызылжар-Су» ЖШС «Судың ғылыми-технологиялық орталығы» ЖШС-мен келісімге отырып, былтыр тамыз айында биотоғанға хлорелла микробалдырларын салған-ды. Альголизация нәтижесінде су қоймасы тазартылады. Аталған жоба 3 жылға арналған, тек келер жылы ғана алғашқы нәтижесін береді.

Былтыр биотоғанға 9 мың литр балдыр — Chlorella vulgaris SKO A RKM -0870 құйылды. Кейін 4 млн литр суспензиясы жіберілген. Осы жылы биотоғандағы мұз кетпей тұрып, 19 мың литр хлорелла балдыры жіберілді. Әзірге тиісті норманың тек 30 %-ы ғана салынды.

Фото: ашық дереккөздерден

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp