«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Дәмесінің зоры

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан электр желіле­рін таратушы компаниясы Петропавл мен 8 ауданға қызмет көрсетеді. Акционерлік қоғам күніне 163 мыңнан астам адамды жарықпен қамтамасыз етеді. Былтыр кәсіпорынды техникалық жағынан жаңғыртуға 1 млрд. 283 млн. теңге қаражат бағытталыпты.

Алайда “СҚ ЭЖТК” АҚ бас дирек­то­ры Анатолий Казановский барға қана­ғат айтудың орнына көз жасын көлде­тіп, Үкіметтің қаржылық қолдауына үміт артып отырған секілді. Әлде өңірге жұмыс сапарымен келген Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың “№2 Петропавл жылу электр орталығына бөлінетін 17,5 млрд. теңге тек қана қа­зандықтарды қалпына келтіруге жұм­сал­майды. Оның ішіне жөндеу жұмыс­тарына қажетті жабдықтар да кіреді”, – деген мәлімдемесінен соң мұндай қаржылық қолдауды “батпан құйрық – далада тегін жатқан құйрыққа” балап қалса керек.

Білдей мекеменің төрінде төбедей бо­лып отырған басшы былай дейді: “Құ­рылыс және қайта құру бағытында 677,72 млн. теңге игерілді. Қуаттылығы 25 және 16 мегаватт болатын екі транс­форматр ауыстырылды. Ал жаң­ғырту бағытында автоматтандыру жә­не меха­ни­каландыру бойынша техни­калық құ­ралдар кешені жаңғыртылды. Сондай-ақ 15 арнайы техника мен 40 дана күш­тік трансформаторлар сатып алынды”.

Жан жадыратар цифрларға адам­ның іші жылып, көңілі марқайып қалады екен. Одан әрі былай көсіледі: “Компа­нияның басым бағыттарының бірі – тұ­тынушыларға қызмет көрсету сапа­сын жақсарту. Бірақ бұл үшін инвестиция көлемін 1 млрд. 200 млн. теңгеден 11 млрд.-қа дейін өсіру қажет. Әзірге, ол мүмкін болмай тұр. Тұрғындардан алынатын тариф төлемі 2025 жылға дейін бекітілген”.

Осы жерде көптеген жылдар бойы қордаланып қалған проблемалар бұ­рын айтылмай енді ғана қозғалуында қандай сыр бар деген сауал туады. Әл­де мемлекетке қол созып, жылай берсе, соқыр көзден де жас шығады­ның кері ме екен?

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp