«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Саптық байқау

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласында бірлескен саптық байқау және облыс ор­та­лығы аумағында қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамта­масыз етуге қатысатын полиция күштерінің гарнизондық жиыны өтті.

Саптық байқау кезінде бірден бес қызметкер кезекті арнаулы атақтарын алды, үшеуіне – капитан, екеуіне – по­ли­ция лейтенанты шені берілді. Бар­лық офицерлер Петропавл қаласын­да орналасқан полиция бөліністе­рінде қызмет атқарады. Қызметкер­лерге жаңа погондарды әріптесте­рі­нің қошеметі мен оркестрдің сүйемел­деуімен өткен салтанатты шарада облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов табыс етті.

Патрульдік полицейлер, учаскелік полиция инспекторлары, мамандан­дырылған күзет қызметінің маманда­ры тәулік бойы құқықтық тәртіпті қам­тамасыз етеді және полиция құзыре­тіне жататын шақыртуларға алғашқы­лардың бірі болып баруға әрдайым дайын тұрады. Аталған бөліністердің жұмыс тиімділігінің негізінде қалыпты емес жағдайларда шешім қабылдай білу ғана емес, қатаң тәртіп те жата­ды. Сондықтан полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов саптық байқау кезінде жеке құрамның заңды, жар­ғыны білуі, қызметтік құжаттардың болуы, сондай-ақ жаз бен көктем ке­зінде қызмет атқаруына дайындығын тексерді. Қазіргі уақытта облысымыз­да патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен қатар учаскелік полиция инспекторлары да жаңа үлгі­дегі киім алды. Жаңа киіммен кезең-кезеңімен қалалық және аудандық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар да қамта­масыз етіледі.

Саптық байқау соңында Петро­павл полиция гарнизонының күштері ве­домстволық оркестрдің сүйемел­деуімен салтанатты түрде саппен жү­ріп өтті. Тәртіп сақшыларының со­ңы­нан патрульдік полицияның арнайы автокөліктері өтіп, іс-шарадан кейін полицейлер бірден қызметіне – қоғамдық тәртіпті сақтауға кірісті.

Динара САҒЫНДЫҚОВА,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің аға инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp