«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қайтадан ономастикалық комиссияға ұсынылмақ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Газетіміздің биылғы 10 ақпан күнгі санында жарық көрген “Сәбит Мұқа­новтан неге қашты?” атты мақалада облыс орталығындағы Кошуков кө­шесі бойында орналасқан №32 мек­теп маңдайшасынан заңғар жазушы­мыздың есімі еш себепсіз алынып тасталғаны, әділет органынан қайта тіркеуден өткізудегі білім мекеме­ле­рінің сылбырлығы сыналған болатын.

Осыған орай облыстық білім бас­қар­масы құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет көрсетуді мониторингтеу бөлімінің жетекшісі Ерік Нұрахметовке хабарласып, мә­се­ле қалай шешіліп жатқанын сұ­радық.

– Қазақ КСР Министрлер кеңесінің 1973 жылғы 29 мамырдағы “С.Мұ­қановты мәңгі есте сақтау туралы” қаулысы негізінде Петропавл қала­сын­дағы №32 орыс мектебіне есімін беру туралы құжат, тағы басқа қажетті материалдар жинақталып, облыстық әділет басқармасына жіберілген бо­ла­тын. Алайда уақыттың өтіп кетуіне байланысты қабылданбай, кері қай­тарылды.

Қолданыстағы заң нормалары бо­йынша жергілікті билік органдары­ның жаңа шешімі қажет. Атап айт­қан­да, тиісті құжаттар қалалық ономас­ти­ка­лық комиссияға, одан әрі облыс­тық, республикалық құзырлы комис­сия­лар қарауына ұсынылып, Үкімет­тің қау­лысымен бекітіледі. Мектеп ди­рек­торы Сергей Мартемьяновқа қай­та тіркеуге керек құжаттарды тез ара­да жинастыруға тапсырма берілді. Мә­селе бақылауда, – деген жауап алдық.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp