«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫ ДАМЫТУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық әкімдікте Еуропалық одақ қаржыландыратын ауылдық жерлерде жергілікті өзін-өзі басқаруды нығайту жобасын іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Салтанатты рәсімге Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігінің ынтымақтастық жөніндегі жетекшісі Йоханнес Стенбек Мадсен, облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов, “Integrity Astana” ЖШС-ның директоры Жанат Нұрғалиев, “Соңғы үміт” қоғамдық бірлестігінің төрағасы, жоба серіктесі Руслан Асаубаев, мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам өкілдері, бастамашыл топ белсенділері қатысты.

Елордалық “Integrity Astana” ЖШС мен облыстық “Соңғы үміт” қоғамдық бірлестігінің жергілікті өзін-өзі басқаруды нығайту жөніндегі тың жобасы әзірге Айыртау, Қызылжар, Мамлют аудандарын қамтып отыр. Жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру және тұрғындардың өмір сапасын жақсартуды көздейтін бағдарлама Еуропалық одақ қаржыландыратын “Ауылдың дамуы – елдің дамуы” жобасы аясында жүзеге асырылмақ. Бұл іске қоғамдық ұйымдар мен жергілікті билік те белсене атсалысады. Жобаның жалпы бюджеті – 281278 еуро.

Меморандумға қол қою рәсімінен кейін өткізілген брифингте Ғани Нығыметов пен Йоханнес Стенбек Мадсен жергілікті өзін-өзі басқару тетіктерін нығайту арқылы ауылдықтардың өмір сапасын жақсартуға және демократиялық процестерді қалыптастыруға бағытталған жаңа жобанының артықшылықтарын атап өтті. Бағдарлама көпжақты жоспарлау үрдісі аясында екі жылдық даму жоспарын әзірлеуді, мемлекеттік қызметшілер мен жергілікті қоғамдастық өкілдерінің әлеуетін арттыру мақсатымен басқару тетіктерін нығайтуды, ауыл кәсіпкерлері үшін қаржыландыру қолжетімділігін қамтамасыз етуді, бизнес-бастамаларға қолдау көрсетуді көздейді.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp