«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Есіл өзеніндегі су деңгейі көтеріліп жатыр

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінде су деңгейі әлі көтерілуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» филиалы өкілдерінің мәліметінше, бір тәулікте су 1-ден 65 см-ге дейін көтерілген. Максималды көрсеткіш Есіл ауданындағы Покровка селосындағы су бекетінде тіркелді.

Ал Петропавл қаласы мен Долматово ауылындағы трансшекаралық су бекетінде су деңгейі керісінше 3-5 см-ге төмендеген. Кіші өзендердегі су да біртіндеп азайып келеді. 1 күнде 1-ден 10 см-ге дейін түсті. Бұл әсіресе, Гусаковка ауылындағы Бабық-Бұрлық өзенінде байқалады. Сергеев су қоймасында су әлі де көтеріліп жатыр. Бір тәулікте 5 см-ге биіктеп, қазір 835 см, көлемі 735 млн шаршы метрді құрады. Судың ағу жылдамдығы секундына 116 шаршы метрге жетті. Бұл алдыңғы 3 күннен 4 есе тез.

Фото: ашық дереккөздерден

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp