«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

40 жастағы әйелді пойыз басып кетті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Смирново селосында темір жолдың тыйым салынған жерінен өтпек болған 40 жастағы әйел пойыздың астына түсіп, оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Оқыс жағдайлардың алдын алу үшін желілік полиция бөлімінің мамандары түсіндіру жұмыстарын ұдайы жүргізіп, қауіпсіздік ережелерін сақтауды еске салып отырады. Алайда, белгіленген талаптарды сақтамай, басын қатерге тігетіндер әлі де аз емес. Мәселен, биылғы 3 айдың ішінде мамандар осы тектес 366 құқықбұзушылық фактісін анықтаған. Оның 250-і — тыйым салынған орынды кесіп өтпек болғандарға қатысты.

-Смирново станциясында жергілікті тұрғын белгіленбеген жерден өтпек болған. Өкінішке қарай, үлгере алмай, пойыздың астына түскен. Бүгінде бұл фактіге қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде. Келіншек ішімдікке жақын болған деседі. Былтыр өңірде осыған ұқсас 3 қайғылы оқиға тіркелді. Ал 2020 — жылы өңірдегі теміржолдардың бойында 13 қайғылы оқиға орыналды,-дейді Петропавл станциясындағы желілік полиция бөлімі бастығының орынбасары Серік Қаражігітов.

Фото: ашық дереккөздерден

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp