«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Сәуір 25, 2022

Әкеме ұқсағым келмейді…

“Әке – асқар тау, ана – мөлдір бұлақ, бала – жағасындағы жасыл құрақ” деген тіркеспен үшінші сыныпта оқып жүргенде Ана тілі сабағында танысқаным есімде. Ананың мөлдір бұлақ екенін осы күнге дейін сезініп келемін. “Ана” деген құдірет – мен үшін өмірдегі теңдесі жоқ сұлулық, баламасы жоқ тылсым күш! Анам мен үшін не істемеді? Күннің ыстығына күйді, …

Әкеме ұқсағым келмейді… Read More »

СЕМСЕРЛЕСУ – КЕНЖЕ ҚАЛҒАН СПОРТ

Балуандық, мергендік, қы­лыштасу, саятшылық, асауды тізгіндеу – ертеден келе жатқан спорт түрлері. Онсыз көшпенді халықтар қатаң өмір ағынында бәсекеге қабі­летсіз болар еді. Атам заманнан бері жалғасып келе жатқан жауынгерлік өнер, кейін спорттың бір түріне айналған – семсерлесу де бізге жат емес. Бірақ аталған спорт­тың дамуын тежейтін жайт­тар да жетерлік. Жалпы сем­серлесу спортының облысы­мызда дамуы қандай …

СЕМСЕРЛЕСУ – КЕНЖЕ ҚАЛҒАН СПОРТ Read More »

Квота бойынша 6,5 мыңнан астам адам қоныс аударады

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Көші-қон саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы әзірленгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

ҚАЗАҚ ТАРИХЫНЫҢ ҚАРАЛЫ БЕТТЕРІ

Өткен ХХ ғасырдың басында ком­мунистік колонизаторлар қазақ хал­қының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі шаруашылығы мен өмір сү­руге бейімделген тіршілік көзін қи­ратса, олар еріксіз пұшайман күйге түсерін жақсы білді. Сөйтіп, олар пат­шалық Ресей іске асыра алмай кеткен қазақ даласын реформалау жұмысын жалғастырды. Соның бірі – кәмпеске науқаны.

ДЕЛЕГАТТАР САЙЛАНДЫ

Облыстан “Amanat” партиясының кезекті съезіне 22 делегат қатысады. Тиісті шешім партияның облыстық филиалы саяси кеңесінің отырысында қабылданды.

ҒАЖАЙЫП СУРЕТКЕРЛІК ӘЛЕМ НЕМЕСЕ ЖАҢАРҒАН МУЗЕЙ

Қазақ әдебиетінің классигі, Қазақстанның халық жазушысы Ғабит Мүсіреповтің Алматыдағы өзі 17 жыл (1968-1985) тұрған үйі 1991 жылы музей-пәтер болып ашылған еді. Алғашында Орталық Мемлекеттік музейдің бір бөлімшесі болса, кейін “С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби-мемориалдық музей-кешені” болып құрылды (1999). Бұл мекеме 2015 жылдан бастап Алматы қаласының музейлер бірлестігіне қарайды.

Тіл шеберлері

Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында Петропавлдағы Достық үйінде “Тіл шебері” байқауын өткізді.

Зайырлылық – татулық кепілі

Қазақстан Республикасы демо­кра­тиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орны­ғып, қызметінің түбегейлі прин­циптері қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылыққа, халықтың игілігін көз­дейтін экономикалық дамуға негіз­делген. Зайырлылық ұстанымы мем­лекеттің дінге деген қатынасының демократиялық сипатын, кез келген іс-әрекет заң аясында жүзеге асы­рылатынын, азаматтардың құқықта­ры мен бостандықтарының қатаң сақталуын аңғартады.

ҚАЛАМГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ – ЖАС ҰРПАҚҚА МІНДЕТ

Биыл өңір аумағында кеңінен атап өтіліп жатқан мерейтойлық шаралар аз емес. Олардың қатарында жерлестеріміз белгілі сөз зергері Ғабит Мүсіреповтің туғанына – 120, көрнекті қаламгер Сафуан Шәймерденовтің туғанына – 100, сондай-ақ ақын, қоғам және мемлекет қайраткері Кәкімбек Салықовтың туғанына 90 жыл толып отыр. Мәдени сала бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар барысы “Amanat” партиясы облыстық филиалы жанында тұрақты …

ҚАЛАМГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ – ЖАС ҰРПАҚҚА МІНДЕТ Read More »