«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Зайырлылық – татулық кепілі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Республикасы демо­кра­тиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орны­ғып, қызметінің түбегейлі прин­циптері қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылыққа, халықтың игілігін көз­дейтін экономикалық дамуға негіз­делген. Зайырлылық ұстанымы мем­лекеттің дінге деген қатынасының демократиялық сипатын, кез келген іс-әрекет заң аясында жүзеге асы­рылатынын, азаматтардың құқықта­ры мен бостандықтарының қатаң сақталуын аңғартады.

 Дінге қатысты шарттар мен талаптар мемлекет та­рапынан белгіленетіндіктен, азамат­тық қоғамның құрамдас бөлігі ретінде діни бірлестіктер мен ұйымдардың қызметін реттеп, үйлестіріп отырады. Елімізде дін саясатқа, ал саясат дін­нің ішкі мәселелеріне аралас­пайды. Ата Заңымызда жазылғандай, дінге көзқарасы, нанымы бойынша еш­кімді ешқандай кемсітуге, сондай-ақ нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық, рулық араздықты қоздыруға бағыт­талған қоғамдық ұйымдар құруға, діни негіздегі партияларға жол бе­рілмейді. Сонымен қатар азамат­тардың діни-сенім бостандығын орын­дауына ешқандай кедергі кел­тірілмейді. Шетелдік діни бірлес­тіктердің республика аумағында қызметі тиісті мемлекеттік орган­дармен келісуі арқылы жүзеге асы­рылады. “Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы” Заң бойынша әркім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни немесе өзге де нанымдарды ұстануға, олар­ды таратуға, діни бірлестіктердің қыз­метіне қатысуға және миссионерлік қызметпен айналысуға құқылы. Адам­дар ұстанатын діннің қандай да бір қағидасы мемлекеттің қойған талаптарына қайшы келген жағдайда заң нормаларымен айқындалады. Өркениетті елдерде оның құқықтық мемлекетті қалыптастырудағы ауқы­мы кеңейіп, көптүрлілік, төзімділік, то­леранттылық, ар-ождан бостандығы деген ұғымдардың баламасы, си­нонимі ретінде де қолданылады. Сая­си-құқықтық тұрғыдан қарасты­ратын болсақ, әлеуметтік қатынас­тарды реттеудің жиынтық көрінісі деуге де болады.

Бүгінде дін мемлекеттік саясаттағы, сондай-ақ қазақстандықтардың рухани өмірі мен мәдениетіндегі аса маңызды факторлардың бірі санала­ды. Оның адамның жандүниесіне, рухани дүниетанымына әсері ұшан-теңіз. Мұның өзі діни ахуалдың ерек­шеліктерін көрсетеді. Ұлтаралық, конфессияаралық тұрақтылық мем­лекет пен қоғамдық ұйымдардың осы бағытта бірлесіп атқаратын жұмыс­тарына да байланысты. Ауданда 5 мешіт, 1 православ шіркеуі және “Эммануил” христиандық қайырым­дылық үйі жұмыс істейді. Халықтың діни сауаттылығын арттыру мақса­тында дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі. Биыл ақ­параттық-түсіндіру тобының мүше­лері, теологтар, дінтанушылар, лек­торлар тұрғылықты жерлерде, білім, мәдениет мекемелерінде болып, діни терроризмнің алдын алу тақы­рыбы бойынша “дөңгелек үстелдер”, семинарлар өткізді. Кездесулерге жұмыссыз жастар, оқушылар, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар тартыл­ды. “Дін және мемлекет қатына­сындағы зайырлылық ұстанымы”, “Ислам құндылықтары және қазақи дәстүрлер”, “Ұлттық идеология отба­сынан басталады”, “Теріс діни ағым­дар” тақырыптары бойынша дәрістер оқылып, тоқсан сайын “Жастар және дін”, “Аудандағы діни жағдай” мә­селелеріне қатысты әлеуметтік са­уал­намалар ұйымдастырлады. За­йырлы мемлекетте діни сенім бос­тандығы дегеніміз не, дін бостан­дығын қалай түсінеміз, заңға қайшы әрекет жасалса, қандай жаза қол­данылады, қоғамдық орындарда діни рәсімдерді насихаттауға, таратуға бола ма деген сықылды алуан бағыт­тағы сұрақтар қойылып жауаптар берілді.

Өкінішке қарай, қоғамдағы тепе-теңдік жүйесін орнықтыруда зайыр­лылық қағидатының айтарлықтай рөл атқаратынын кейбіреулер әлі де жете түсіне бермейді. Олардың жа­дында дін мен мемлекет жеке-дара өмір сүруі тиіс деген қасаң түсінік қалыптасқан. Мұндай жағдайда жастардың аумалы-төкпелі, тұрақ­сыз саяси ұстанымы өзгеріп, ада­сушылықтарға ұрынуы, теріс пиғыл­ды секталардың жетегінде кетуі әбден ықтимал. Осындай дүдәмал ойлардан арылудың бірден-бір кепілі – діни сауатты болу. Жастар ара­сында дiнге деген көзқарасы мен заң алдында бiрдей жауапты екенін шатастырып алатындар да кездесіп жатады. Ешкiмнiң діни сенiмдерiн себеп етiп, азаматтық мiндеттерiн атқарудан бас тартуға қақысы жоқ. Дiни нанымға қатысты талаптар мен бiр мiндеттер тек заң нормаларымен ғана айқындалады. Осы себепті дiни сенiм бостандығының сақталуын бақылау және қадағалау атқарушы биліктің, прокуратура және басқа да құқық қорғау органдарының басты назарына алынған.

Қазақстан Республикасының заң­на­маларында зайырлы мемлекет қағидаттары мен діни сенім бостан­дығы құқығы арасындағы байланыс­тар нақты сипатталған. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары елімізді демократияландыру, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнық­тыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар өз жалғасын тауып келеді.

Жанат ОСПАНОВ,

Шал ақын аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.

Шал ақын ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp