«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қозыбаев университетінің 100% акциясы 10 жылға Аризонаның басқаруына берілді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің мемлекеттік акциялар пакетінің 100 пайызы америкалықтардың басқаруына берілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов сәуірдің 15-і күні «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес АҚ акцияларын сатып алу құқығынсыз 10 жыл мерзімге Аризона университетінің сенімгерлік басқаруына беру» туралы қаулыға қол қойды.

Ағаш отырғызу – орман дақылда-рын дайындаудың негізгі тәсілі, отырғызу материалы ретінде сал-пыншақ қайың мен кәдімгі қарағай-дың екпелері пайдаланылады. Отыр-ғызу әдісі қолданатын технологияға байланысты. Отырғызу жұмыстары, әдетте, көктемде немесе күзде жүргі-зіледі. Орман дақылдарын егу кезінде стандартта көзделген талаптарға сәйкес келетін отырғызу материалы қолданылады. Орман дақылдарын отырғызуға пайдаланылатын екпелер біздің мекеменің уақытша питомник-терінде өсіріледі. Отырғызу сапасына қойылатын басты талап – көшеттің тармақталған тамыр жүйелерін топырақпен дұрыс көму. Топырақты алдын ала дайындағаннан кейін ағаш қолмен отырғызылады. Ағаш отырғ-ызуға барлық орман мекемесінің инженерлік-техникалық құрамы жұ-мылдырылады.

Мекемеде ағаш отырғызу көлемі 2021-2025 жылдарға арналған ке-шенді жоспарда нақтыланған. Жос-пар бойынша 2022 жылы ағаш отыр-ғызу көлемі – 148,0 гектарды құрай-ды, оның ішінде 88,0 гектар – сал-пыншақ қайың және 60,0 гектар – кә-дімгі қарағай. Ағаш отырғызуға бел-гіленген көлем Тепловское, Соснов-ка, Боголюбово және Куйбышев ор-ман шаруашылықтарына тең бөлін-ген.

Питомниктер қылқан жапырақты және жайпақ жапырақты ағаштар-дың көшеттерін өсіруге арналған. Екпе көшеттер тұқымына байланыс-ты оларды себудің алуан түрлері, әдістері мен схемаларын қолдана отырып, 1-3 жыл ішінде өсіріледі. Пи-томниктерде тұқым егу мерзімі өсірі-летін өсімдіктердің биологиялық си-паттамаларына, тұқымның пісіп-же-тілу мерзіміне, қолайсыз ауа райына тұқымның төзгіштігіне, топырақ-кли-маттық жағдайларға, көшеттерді өсі-рудің агротехникасына байланысты болады. Көктемгі кезеңде тұқым се-бу, әсіресе орман аймағында және суармалы питомниктерде жақсы нә-тиже береді. Көктем кезінде егілген тұқымды қысқы аяз шалмайды және ол кеуіп те қалмайды, кеміргіштердің зақымдау қаупі аз, топырақ егу сәті-нен бастап көшеттер пайда болғанға дейін аз тығыздалады, көктемде бо-латын суықтың егілген көшеттерге қаупі аз. Егіс қысқа мерзімде (3-5 күн) жылы, бірақ құрғақ емес топырақта жүргізілуі тиіс.

Қызылжар орман шаруашылы-ғында уақытша егілетін көшеттердің көлемі кешенді жоспарда көрсетіл-ген. Жоспарға сәйкес 2022 жылы пи-томникте екпе егу алаңы – 4,1 гектар-ды құрайды, оның ішінде 2 гектар – салпыншақ қайың және 2,1 гектар – кәдімгі қарағайға арналған. Соның ішінде орман шаруашылықтары бо-йынша Тепловскоеда – 0,7 гектарға, Сосновкада – 0,3, Боголюбовода – 1,0 және Куйбышевте – 2,1 гектарға көшет егіледі.       

Республикамызды көгалданды-рудың кешенді жоспары аясында Қызылжар орман шаруашылығы ағаш отырғызу жұмыстарын толық көлемде жүргізетін болады. Біз жа-сыл желекті елде тұрып, таза ауамен дем алғымыз келеді.

Маргарита МАТЮХИНА,

“Қызылжар орман шаруашылығы”КМК-ның ормандарды толықтыру және өсіру жөніндегі инженері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp