«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

От жаққандар жауапқа тартылады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстікқазақстандық құтқарушылар өңірлік орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен  брифингте қазіргі ахуал жайында баяндады, деп хабарлайды  Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыс аумағында 4-сәуірден бастап өрт қауіпті кезең басталды. Оқыс оқиғалардың алдын алу үшін  44 мобильді топ құрылды.

⠀- Олардың құрамына азаматтық қорғаныс, ішкі істер, жергілікті атқарушы органдардың,  орман мекемелерінің қызметкерлері және басқа да мүдделі мекеме өкілдері кірді, құрамында 240-тан астам адам бар. Аталған топтар қазірдің өзінде 170 рейд өткізіп,   70 ереже бұзу  фактісін  анықтап,  әкімшілік хаттамалар толтырылды, айыппұлдар сомасы бір миллионн теңгеден асты, — деді облыстық  ТЖД бастығының орынбасары  Дмитрий Растихин.

Құтқарушылар мамыр мерекелері қарсаңында   ауа райының жауын-шашынсыз болатынын еске салып,  қоқыс және басқа да заттарды өртеуге қатаң тиым салынатынын ескертті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp