«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Петропавл қалалық көпбейінді ауруханасында жаңа томограф іске қосылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың қатысуымен  Петропавл қалалық көпбейінді  ауруханасында жаңа компьютерлік томограф іске қосылды, деп хабарлайды  Qyzyljarnews.kz  тілшісі.

Өңір басшысының айтуынша, облыста 5 жыл ішінде халықты компьютерлік томографпен қамту 2,5 есеге өсті. Егер 2017 жылы облыс бойынша 12,5 мың зерттеу жүргізілсе, өткен жылы 30 мыңға жетті. Осы уақыт аралығында 2 есе көбейді, яғни  4 медициналық құрылғы сатып алынып, қазіргі күні  8-і жұмыс істеп тұр.

— Бүгін көпбейінді қалалық ауруханада жаңа компьютерлік томограф іске қосылды. Бұл медициналық мекемеге алынған жалғыз қондырғы емес, 2 жыл ішінде   1,6 миллиард теңгеге жаңа медициналық техника сатып алынды. Енді ауруханаға МРТ аппаратын орнатуды жоспарлап отырмыз. Сондай — ақ, биыл облыстық балалар ауруханасына жаңа МРТ аппараты сатып алынады, — деді Құмар Ақсақалов.

Облыс әкімі  жоғары дәлдіктегі жабдықтардың арқасында барынша көп адамды қабылдап,   ауруларды ерте сатысында анықтауға және пациенттердің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Мәселен, облыс бойынша туберкулезбен ауыру 2 есеге, онкологиядан өлім-жітім 24% — ға төмендеді.  Әйелдер  онкологиясын да ерте кезеңде анықтау мүмкіндігі артты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp