«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдері балаларға сыйлық жасады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ұлттық қауіпсіздік комитеті СҚО бойынша департаментінің мамандары Мағжан Жұмабаев ауданындағы Полудино балалар үйінде болып, мектепке қажетті компьютер, жаңа аяқкиімдер, тұрмыстық заттар мен дәмді тағамдар тарту етті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Полудино балалар үйі 1965 жылдан бері жұмыс істейді. Қазіргі күні мұнда 3 пен 18 жас аралығындағы 46 тәрбиеленуші бар. Жылдағы дәстүр бойынша ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің мамандары балаларға қонаққа келіп, сыйлықтарын тапсырды. Жалпы, департамент қызметкерлері 25 жылдан бері мұндай қайырымдылық шараларынан тыс қалған емес.
-Мүмкіндігінше балаларға мектепке қажетті оқу құралдарын әпереміз. Тұрмыстық техника сатып алулары үшін материалдық көмек көрсетеміз. Балдырғандардың көңілді жүзін көру біз үшін үлкен бақыт, — дейді Қазақстан Республикасы ҰҚК облыстық департаментнің қызметкері Айгүл Букирова.

Өз кезегінде Полудино балалар үйінің әкімшілігі Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдеріне балапандарға арнайы әкелген сыйлықтары мен қамқорлығы үшін алғыс білдірді.

— Өсіп келе жатқан ұрпаққа, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету – қасиетті парыз. Қайырымды, балалардың тағдырына немқұрайды қарамайтын тамаша адамдарды кездестіргенімізге өте қуаныштымыз. Тәуелсіз мемлекетіміздің баянды болашағы үшін атқарып жатқан жұмыстарыңыз жемісті болып, ел алғысына бөлене беріңіздер,- деді Полудино балалар үйінің директоры Татьяна Токарева.

Кездесу соңында балалар қонақтарға арнап мерекелік концерт ұйымдастырып, ән мен биден шашу шашты.

Фото: Qyzyljarnews.kz / Талғат Тәнібаев

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp