«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Сәуір 29, 2022

Петропавлда Бірлік күні кеңінен тойланады

Биыл Петропавлда 1-інші мамыр Қазақстан халқының бірлігі күнін ашық аспан астында, кең көлемде атап өту жоспарланып отыр. Нақтырақ айтсақ, мереке қарсаңында қалада әр түрлі көрмелер, концерттер мен фестивальдар, театрландырылған қойылымдар, сондай-ақ шеберлік сыныптары мен спорттық жарыстар өткізілмек, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Заңсыз сақталған қаруды тапсыру акциясы жүріп жатыр

Облыс аумағында 25 сәуірден бастап тіркелмеген қару, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акция өткізілуде. Шараның мақсаты — қоғамдық қауіпсіздікті нығайтып, қылмыстардың алдын алу, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыс орталығында жылу шығынына кеткен қаражат қайта есептеледі

Петропавл қалалық соты «Севказэнергосбыт» ЖШС-ның жылу шығындары үшін төлем алу әрекетін заңсыз деп таныды. Сондықтан компания өкілдерін  энергия есептеу құралдары бар тұтынушылардың жылу шығындарын қайта есептеуге міндеттеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

“ЕҢБЕГІҢ МЕН АҚЫЛЫҢ ЕКІ ЖАҚТАП…”

Сексен жасында дүниеден озған Кү­лімкөз әжейді біздің ауыл тұрғын­да­ры “бүкір кемпір” деп атап кетті. Мар­құмды көзі тірісінде жол-жөнекей кездестіріп қалсақ немесе дүкеннен екі қолымен зілдей ала сөмкесін көте­ріп, үйіне ілби басып бара жатқанын көрсек аяушылықпен қарайтынбыз. Бір айтарлығы, ақырғы демі шыққан­ша кейуана біздің “Көмектесіп жібе­рейік”, “қиналып жүрген боларсыз, қан­дай қажеттілігіңізді өтейік” деген өтініштерімізге құлақ аспады. …

“ЕҢБЕГІҢ МЕН АҚЫЛЫҢ ЕКІ ЖАҚТАП…” Read More »

КЕЛІНІ ЖАҚСЫНЫҢ КЕРЕГЕСІ АЛТЫН

Отбасындағы ең әлсіз әрі нәзік тұс – ене мен келін қарым-қатынасы. Екеуі де маңызды әрі қымбат тұлға: ене – отағасын дүниеге әкеліп, жеткізген жан, келін – жігіттің аманаты, балалардың анасы. Үш тарап үшін де ең көркем амал – отбасындағы татулық пен мамыражайлықты ұстап тұру. Алайда бұл мүмкін бола бермейтін жағдайға айналып бара жатқаны ащы шындық.