«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Дайындалған күні мен жарамдылық мерзімі көрсетілмеген тауарлар сатылған

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстікқазақстандық санитар мамандар тексерген өнімдердің 18% — ға жуығы талапқа сай келмейтінін анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері 3 ай ішінде 60 сауда нысанында болып, 926 азық-түлік өніміне тексеріс жүргізді. Нәтижесінде, тауарлардың 160 түрі немесе 17,27%-ы санитарлық ережелер мен техникалық регламенттердің талаптарына сай келмейтіні анықталды. Олардың басым бөлігі, яғни 78% — ы өнімдерді таңбалауға қатысты. 6%-ы — физикалық — химиялық көрсеткіштерге, 3% — ы -микробиологиялық, санитариялық-химиялық және қауіпсіздік көрсеткіштеріне сай келмесе, 5,43%- ы — тұтынушыларды алдаған.

-Кейбір азық-түліктің дайындалған күні мүлдем жазылмаған. Алайда, жарамдылық мерзімі бар. Мәселен, тауар 45 тәулікке дейін жарамды деп көрсетілген, оны қай күннен бастап есептейтіні белгісіз. Сөреге қойылған өнімдерде, керісінше дайындалған күні жазылып, қай уақытқа дейін жарамды екенін жазбапты. Мұндай олқылықтар, әсіресе ет өнімдерінде, консервілерде көп. Талапқа сай келмейтін тауарлардың басым көпшілігі 57% — дан астамы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің, 30% — ы өзге елден шыққан. Мемлекеттік тілде, кейбірінде орыс тілінде таңбалау жоқ,-деді Солтүстік Қазақстан облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Данияр Оспанов.

Pexels иллюстрациялық фотосы

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp