«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Мамыр 3, 2022

Алтын діңгек

Қазақстан халқының бірлігі күнін бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан түрлі этнос өкілдері жылда жоғары көңіл күймен қарсы алады. Бұл күні татулық, бауырластық, достық, өзара түсіністік сияқты басты құндылықтарымыз барынша дәріптеліп, берекенің бастауы – бірлікте екені әр жүрекке шуақ болып құйылады. Солтүстікқазақстандықтар үшін де бұл мейрамның орны бөлек. Мереке қарсаңындағы іс-шаралар соны айғақтайды.

ОТАН ОТТАН ДА ЫСТЫҚ

Қазақ халқының “Отан – оттан да ыстық” деген қанатты сөзінің дәл айтылғанына күн сайын көз жеткіземін. Өйткені мен өзімнің туып-өскен Отаным – Қазақстанымды, кіндігімнің қаны тамған Қызылжарымды перзенттік пейілмен жақсы көремін. Шетте жүрсем сағынамын.

«Кызыл-Жар СҚ» футбол клубының бас жаттықтырушысы ауысты

«Кызыл-Жар СҚ» футбол клубының бұрынғы бас жаттықтырушысы Андрей Карпович өз еркімен қызметінен кетті. Онымен бірге көмекшісі Денис Колодин мен клубтың физикалық дайындық бойынша жаттықтырушысы Борис Глушков та құрамадан шықты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өңірде көктемгі дала жұмыстары ерте басталды

Былтыр күзде жаңбыр, қыста жарытып қар жаумады. Оның үстіне көктемнің басында күн ысып, жел күшейді. Солтүстікқазақстандық диқандар мұндай ауа райы егістік жұмыстарына кедергі келтіруі мүмкін деп алаңдап отыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі, «Хабар 24»-ке  сілтеме жасап.

ЕМХАНАНЫ ТАҢДАУ ҚҰҚЫҒЫ БАР

Әлеуметтік медициналық сақтанды­ру қоры диагностикалық және медициналық көмек көрсететін емдеу мекемелеріне баспасөз турын ұйымдастырды. Қазіргі таңда өңірімізде сақ­тандырылған тұрғындар 41 емханада тегін көмек ала алады, сол емдеу мекемелерінің 25-і мемлекеттік болса, ал 16-сы жекеменшіктің иелігінде.

Сәулет өнерінің жұлдызы

Биыл көрнекті тұлға, мемлекет және қоғам қайраткері, сәулетші, жерлесіміз Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихановтың туғанына 90 жыл толып отыр. Осыған орай өңіріміздегі білім ордаларында түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Солардың бірі Шоқан Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық музейінде өтті. “Сәулет өнерінің жұлдызы” атты музей сабағына оқушылар мен ұстаздар қатысып, сәулетшінің өмірі туралы тың мәліметтерге қанықты.

Басты талап – қауіпсіздік

Халықаралық еңбек ұйымының бастамасы бойынша жұмыс орындарында жазатайым жағдайлар мен кәсіби жарақаттардың алдын алуға жәрдемдесу, сондай-ақ еңбекті қорғау мәдениетін қалыптастыру, жақсы тәжірибелерді насихаттау мақсатында жүзден астам мемлекет дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін атап өтеді. Бұл тізімде Қазақстан да бар. Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін атап өту идеясы 1989 жылы америкалық және канадалық жұмысшылардың қаза болған, жарақат алған …

Басты талап – қауіпсіздік Read More »

ЖЕМАЗЫҚ ҚЫМБАТ, ЖОЛ САПАСЫЗ Ауылдағы ахуал — облыс әкімінің назарында

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Тимирязев ауданындағы Мичурин ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Жиын барысында ауылды абаттандыруға, ауызсумен қамтуға, ауылішілік жолдарды қалпына келтіруге байланысты проблемалар көтеріліп, шешу жолдары қарастырылды. “Мичуринское” ЖШС-ның басшылығы жұмысшылардың жалақысын 20 пайызға көбейтіп, балалардың ойын және спорт алаңдарын салуға, қажетті құрал-жабдықтар сатып әперуге уәде етті.

ӨМІРІМДІ ӨЗГЕРТКЕН АДАМ

Әкем Қалиасқар Мұқашұлының туған інісі Күпашты (Қалианұр) балалары “көке” дейтінбіз. Көкем партия-кеңес қызметінде, оның ішінде қазіргі Есіл аудандық (бұрынғы Ленин ауданы) партия комитетінде ұзақ жыл еңбек етті.

Ұстаз

Бәкеңмен (Балғожа Кенжеқозыұлымен) көзі тірісінде көп араластым дей алмаймын. Бірақ бір кісідей білетінім анық. Жүрегінде ізгіліктің шамы лапылдаған бекзат жан еді. Кескін-келбеті, жүріс-тұрысы бөлектін. Сөзі сары алтындай салмақты болатын. Арамыздан кеткелі де едәуір уақыт өтті. Ұмытқан жоқпыз. Ойға жиі оралады. Сірә да “тау алыстаған сайын биіктей береді” деген сөздер бекерге айтылмаған болуы керек. Сондай бір …

Ұстаз Read More »

АУРУДЫ ЕРТЕ АНЫҚТАЙДЫ

Петропавлдағы №3 қалалық көпсалалы ауруханада жаңа компьютерлік томография іске қосылды. Емдеу мекемесін аралап көрген облыс әкімі Құмар Ақсақалов сырқаттарды диагностикалауда құрылғының маңыздылығы орасан екенін айтты.

Солтүстік спортының ұстаханасы

Петропавл қаласындағы дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің жеткен жетістіктері көп. Ашылғанына ширек ғасыр уақыт өткен оқу орнынан халықаралық дәрежедегі спорт майталмандары шығып, дүбірлі додаларда ел намысын абыроймен қорғап келеді.