«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

ЕМХАНАНЫ ТАҢДАУ ҚҰҚЫҒЫ БАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Әлеуметтік медициналық сақтанды­ру қоры диагностикалық және медициналық көмек көрсететін емдеу мекемелеріне баспасөз турын ұйымдастырды. Қазіргі таңда өңірімізде сақ­тандырылған тұрғындар 41 емханада тегін көмек ала алады, сол емдеу мекемелерінің 25-і мемлекеттік болса, ал 16-сы жекеменшіктің иелігінде.

Баспасөз турына қатысушылар “Дея”, “Панацея” және “Нефрос-СК” жеке медициналық ұйымдарының жұ­мысымен танысты. “Дея” медициналық орталығы – науқастарды емдеудің озық технологиялары мен заманауи әдістерін қолданатын, кешенді кө­мек көрсететін көпсалалы клиника. Оны жоғары санатты акушер-гинеколог Наталья Лысакова басқарады. Емхана құрамына екі филиал, клиникалық-диагностикалық зертхана, гинекология бағытындағы күндізгі стационар және 8 орындық терапия бө­лімі кіреді. 9 жыл бойы тегін медици­налық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру аясында қызмет көрсетіп келеді.

“Панацея” отбасылық медицина орталығы 2015 жылы құрылған. Медициналық ұйымның директоры Ирина Сазанованың айтуынша, орталық 2016 жылдан бастап ересектерге стационарды алмастыратын, 2020 жыл­дан бері амбулаторлық-емханалық кө­мек көрсетеді. Мұнда жоғары және бірінші санатты дәрігерлер жұмыс істейді. Кардиология, неврология, хирургия, травматология, педиатрия, терапия, эндокринология, гастроэн­те­рология, дерматология, гинеко­логия, отоларингология, ультрады­быстық диагностика бағыттары бойынша емдеу шаралары жүргізіледі. Пациенттерге ыңғайлы болу үшін орталықта экспресс-зертхана және физиотерапия бөлімі ашылған.

“Нефрос-СК” медициналық орталы­ғы өз жұмысын 2014 жылы №3 қалалық аурухана базасында бастаған. Орталық суды тазартуға арналған заманауи “жасанды бүйрек” құрылғы­ларымен және бір рет қолданылатын шығын материалдарымен жабдық­талған. Кәсіпорынды медицинада 28 жыл еңбек өтілі бар Лилия Гмызина басқарады. Мұнда амбулаторлық ге­модиализдің 4 бөлімшесі бар. Орталықта созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарға маманданды­рылған амбулаторлық-емханалық, неврологиялық науқастарға консуль­тация көрсетіле­ді. Сондай-ақ неврологиялық науқастарға арналған күн­дізгі стационар жұмыс істейді.

Баспасөз тур барысында тұрғындар өздерін мазалаған сұрақтарға жауап алды. Мәселен, Бекжан есімді қала тұрғыны: “Маған өкпені ком­пьютерлік томографияға түсіруге жол­дама берілді, мен қоңырау шал­сам, бір жарым айдан кейін зерттеу жүргізе алатынымды айтты. Бұл жағ­дайда не істеуге болады?” – деп сауал тас­тады.

– Мұндай жағдайда терапевтке барып, басқа клиникаға жолдама алу керек. Пациент ұйымды өз бетінше тауып, ол туралы өзінің емдеуші дәрігеріне хабарлай алады. Бұдан бөлек, емханадағы пациентке бір зертханаға сараптама жасауға жолдама берілсе, бірақ ол оны үйіне немесе жұмысына жақын орналасқандықтан басқа­сында тапсырғысы келсе, оның бұған құқығы бар. Басты шарт – медици­налық ұйым МӘМС жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорында болуы тиіс. Бұл тізімді қордың сайтынан көруге болады, – деді “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” облыстық филиалының жетекшісі Лариса Гордеева.

Бектұрған ЛАҚАДЫЛ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp