«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Солтүстік спортының ұстаханасы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласындағы дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің жеткен жетістіктері көп. Ашылғанына ширек ғасыр уақыт өткен оқу орнынан халықаралық дәрежедегі спорт майталмандары шығып, дүбірлі додаларда ел намысын абыроймен қорғап келеді.

Спортқа дарынды балаларға ар­налған мектеп-интернат 1997 жылы ашылған. 2018 жылы оған облыс­тық олимпиадалық резервтегі мек­теп-ин­тернат-колледж атауы беріл­ді. Мұндағы бокс, еркін және грек-рим кү­рестері, дзюдо мен ауыр ат­ле­тикаға арналған залдар стан­дарттарға сай керек-жарақпен то­лы­ғы­мен қамта­ма­сыз етілген. Ме­дици­налық-сауық­тыру орталығының құрал-жабдық­тары да толық­қанды жұмыс іс­теуге мүмкіндік береді. 2010 жылы үш залы бар дене шынық­тыру-сауықтыру кешені пай­дала­нуға бе­рілді.

250 орындық интернатта балғын спортшылар үшін барлық жағдай­лар жасалған. Оқу-жаттығуға 30 оқы­ту­шы жауапты. Бапкерлердің екеуі Қа­зақстан Республикасының еңбек сі­ңірген жаттықтырушысы болса, 13-і жо­ғары санатты, 9-ы бірінші са­натты және алтауы 2-ші санатты қызмет­керлер. Мектеп-интернат жұмыс іс­теген уақытта 73 спорт шебері, 22 Халықаралық дәрежедегі спорт шебері мен 2 еңбек сіңірген спорт шебері дайындалғанын айта кеткен жөн.

– Спорттың он үш түрімен жат­ты­ғуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар біздің түлектеріміз білім жа­ғынан да осал емес, мектепті үздік аяқтап, жоғары оқу орындарына тү­суде. Жат­тығу мен оқуды қатар алып жүрген жастар үшін мекте­бімізде барлық жағдайлар жасалған. Спорт арқылы Қазақстанның туын көкке желбірете­мін деп жүрген балғындар үшін әке ор­нына әке, шеше орнына шеше бо­лып жүрген тәрбиешілеріміз бен жа­рақат алып қалса қасынан табыла­тын медици­налық қызметкерлердің де еңбегі зор. “Ас – адамнның арқауы” демек­ші, олардың жарыс барысында жоғары нәтижеге жетуіне және шаршаған ағзаларын қалыпқа келтіруге асхана қызметкерлерінің де қосып отырған үлесін айтпай кету мүмкін емес, – дейді маманданды­рылған мектеп-интернат-колледжінің директоры Бақыт Арықбаев.

Спорт интернат туралы айтқан­да тәлімгерлерге соқпай кетуге болмай­ды. Велоспорттан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықты­рушысы, КСРО спорт шебері Виктор Потаповтың еңбегі ерен. Виктор Иванович бірқатар жоғары дәрежелі спортшыларды, соның ішінде Қазақ­станның және Азияның чемпионда­рын даярлады. Мектептің атын даңқты спортшыла­рымыз әлемге таны­туда. Грек-рим кү­ресінен ел чемпионы Евгений Горбузняк, дзюдо және самбо күресі­нен спорт шебері Наз­гүл Маратова, велоспорт саңлақта­ры Махаббат Үмітжанова пен Алексей Луценко және тағы да басқа­ларды айтуға болады.

Спорт интернаттың мақтаны­шына айналғандардың қатарында жа­уырыны жерге тимеген балуан Нұр­қожа Қайпановты айтуға болады. Жерлесіміздің жеткен жетістігі – бір төбе. Жақында Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өткен Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанып, ел мерейін асырған еді. Спорт мек­тебінің тағы бір түлегі Мирас Бірімжанов – кикбоксингтен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. Португалиядағы әлем чемпионатының жеңімпазы, оның есі­мі әлем чемпионатында медаль­дардың түгел жиынтығын жеңіп ал­ған спортшы ретінде тарихта қалды. Қазіргі уақытта ол қоян-қолтық ұрыс бойынша облыстың аға жаттықтырушысы болып жұмыс істеуде.

Бірін айтпа, бәрін айт демекші, спорт майталмандарын даярлайтын мектеп-интернат-колледж бүгінде сол­түстік спортының ұстаханасына айналып отырғаны баршаға аян.

Әділет БАҒЛАНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp