«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сәулет өнерінің жұлдызы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биыл көрнекті тұлға, мемлекет және қоғам қайраткері, сәулетші, жерлесіміз Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихановтың туғанына 90 жыл толып отыр. Осыған орай өңіріміздегі білім ордаларында түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Солардың бірі Шоқан Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық музейінде өтті. “Сәулет өнерінің жұлдызы” атты музей сабағына оқушылар мен ұстаздар қатысып, сәулетшінің өмірі туралы тың мәліметтерге қанықты.

Шот-Аман Уәлихановтың қазақтың асыл перзенті Шоқанға жақындығын, олардың Абылай ханның ұрпақтары екендігін қазақ қауымы біледі. Сәу­летші мұны үлкен жауапкершілік ре­тінде қабылдап, Шоқанның шығарма­ла­рын оқып-түсінетін жасқа жеткен­нен-ақ, оның салмағын, ол арқылы өзіне түсетін салмақты сезіне бастаған. Шота Уәлихановтың қазақтың сәулет, сурет, монументалдық өнеріне қосқан үлесі үлкен. Оның жобалары бойын­ша салынып, бүгінге дейін маңызы мен мәні жойылмай келе жатқан нысандардың ішінде “Универсам” дүке­нін (1979), Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің ғимаратын (1980, қазіргі Алматы қаласы әкімдігінің ғимараты), “Казгипрозем” (1983, қазіргі Жер кадастрының ғылыми-өндірістік орталығы), Фрунзе ауданын­дағы (қазіргі Медеу ауданы) сауда орт­алығын (1987) атауға болады.

Еңбектерінің ішінде өзі де ең жо­ғары бағалаған жұмысы – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. 1991 жылы пайда болған идея қазақ халқының тәуелсіздігін бүкіл әлемге дәріптейтіндей сипатта жа­салып, міне, ширек ғасырдан аса уақыт мемлекет мәртебесін асқақтатып келеді.

Осы және өзге де тың мәліметтерді саналарына сіңірген қатысушылар сәулет өнерінің жұлдызының қасиетті Қызылжар өңірінде дүниеге келгені үшін мақтанатындарын жеткізді.

Майра ӘБДІМҰРАТҚЫЗЫ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp