«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Петропавлда алдағы мереке күндері қандай іс-шаралар ұйымдастырылмақ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда Отан қорғаушылар мен Жеңіс күні мерекесіне орай ауқымды іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. Айтулы даталар 3 күн тойланады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Мамырдың 7-сі күні сағат 11:00-ден 11:30-ға дейін театр алаңында Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориалына гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді. Сағат 12:00-ден 14:00-ге дейін орталық алаңда «Отанға қызмет етемін» концерттік бағдарламасы ұйымдастырылады. Сағат 15:00-де Александр Винокуров спорт сарайында қазақ күресінен «Қызылжар барысы» облыс біріншілігін өткізу жоспарланған.

8-інші мамыр күні сағат 11:00-де Даңқ ескерткішіне, 11:30-да 314-ші атқыштар дивизиясы жауынгерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.

Мамырдың 9-ы Жеңіс күні Петропавлдың барлық аудандарында аталып өтеді. Сағат 11:00-де театр алаңында «Мәңгілік алау» мемориалына гүл шоқтарын қою рәсімі ұйымдастырылады. 1 сағаттан кейін орталық алаңда жергілікті өнерпаздар «Батырлар — ел есінде» атты концерттік бағдарламада тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін мәдениет және демалыс саябағында би алаңы ұйымдастырылады. «Qyzyljar» арт-орталығында Ұлы Отан соғысы кезінде қолданылған заттар көрмеге қойылады.

Бұл күні Жеңіс саябағында да мереке кеңінен тойланады. Сағат 11:00-де Жеңіс стелласына гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді. Сағат 12:00-ден 13:00-ге дейін әскерилендірілген эстафета, поэзия фестивалі және шағын футболдан жарыстар өтеді. Сағат 12:30 — дан 15:00-ге дейін «Батырлар-ел есінде» атты концерттік бағдарлама көрсетіледі. Сағат 15:00-де тағы бір гала-концерт басталады. Сағат 17:00-ден 19:00-ге дейін келушілер үшін ретро-бағдарлама ұйымдастырылады.

Фото: Qyzyljarnews.kz / Талғат Тәнібаев

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp