«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Петропавлдық полицейлер велосипед ұрлығын ашты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығындағы бес қабатты үйлердің бірінде велосипед қолды болды. Полицейлер бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктіні тез анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Оқиға сәуірдің 18-і күні тіркелген. Қала тұрғыны подъезде тұрған қос доңғалақты көлігінің жоқ екенін көріп, дереу полицияға хабар берген. Абырой болғанда ұрының іс-әрекеті бейнекамераға түсіп қалыпты. Кадрларда ер адамның үстіндегі футболкасымен басын бүркеп, жасөспірімдер мінетін велосипедті қалай шығарып жатқаны анық көрініп тұр. Күдікті жәбірленушінің 38 жастағы көршісі болып шықты. Жәбірленуші өз велосипедін 20 мың теңгеге бағалады.

Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Жыл басынан Петропавлда велосипед ұрлаудың 13 фактісі тіркелді.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметінен

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp