«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қазақстандағы халыққа қызмет көрсету орталықтары қолхат беруді тоқтатады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында 8 қызмет бойынша қағаз түрінде берілетін қолхат қысқартылды. Жуырда барлық мемлекеттік қызмет қолхатсыз көрсетіле бастайды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдиннің айтуынша, қағазсыз қызмет көрсетуге көшу бірнеше кезең бойынша жүзеге асырылады.

-Мемлекеттік аппаратты жалпы цифрландыру және бюрократиясыздандыру аясында миллиондаған тонна қағазды технологиялар мен онлайн-сервистерге ауыстыру қажет. Біз осы бағытта жұмысты бастап та кеттік. Енді қазақстандықтарға құжаты дайын болғанда қай ХҚО-ға жүгіну керектігі және уақыты көрсетілген sms-хабарлама келеді. ХҚО операторына клиент қолхаттың электронды нұсқасын көрсетсе болды, — дейді Сүйеніш Әбділдин.

Қолхат берілмейтін қызметтер тізімі:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін беру және кері қайтарып алу;

2. Қазақстан Республикасы халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу;

3. Қазақстан Республикасы халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару;

4. Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру;

5. Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру;

6. Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру;

7. Жылжымайтын мүлік объектілерінің жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тіркеу органы куәландырған тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру;

8. Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортының телнұсқасын беру.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp