«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өңірде топырақтағы ылғал қоры молайды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

«Қазгидромет» мекемесінің облыстық филиалы мамандары өңірдегі егістік ақлқаптарындағы топырақтың ылғал қорын анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Мамандар 19,7 мың га алқапты зерттеп, жердің үстіңгі 1 метр қабатында орта есеппен 11-163 мм ылғал қоры барын анықтады. Бұл норманың 9-114 %-ы. Қалыпты жағдайда 115-166 мм болуы тиіс. Ал Айыртау, Есіл, Ғабит Мүсірепов, Ақжар және Қызылжар аудандарында топырақтың метрлік қабатындағы ылғал қоры нормадан 48-91% -ға төмен. Қалған аудандарда нормаға жақын.

— Жүргізілген талдауға сәйкес СҚО аумағының 46 %-ында, яғни Жамбыл, Тимирязев, Аққайың, Уәлиханов, Тайынша аудандарының алқаптарында қанағаттанарлық және 23 %-ында — Мамлют, Мағжан Жұмабаев және Шал ақын аудандарында топырақтың ылғал қоры қолайлы. Көктемде өңір бойынша өнімді ылғал қоры күзгі көрсеткіштермен салыстырғанда 42% — ға артты. Егістік бетінді өнімді ылғал қоры 19-37 мм құрайды, бұл нормадан 28-43%-ға аз, — дейді филиал қызметкерлері. — дейді филиал қызметкерлері.

Жалпы топырақтағы ылғал қорына күзгі жауын-шашын, қыста түскен қар әсер етеді. Биыл күннің ерте жылуына байланысты, ылғалдың басым бөлігі буға айналып, жер құрғап қалды. Қазгидромет мамандары облыста егін себу науқанын 20 мамырдан кейін ғана бастау туралы ұсыныс жасады.

Pexels иллюстрациялық фотосы

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp