«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Петропавлда «World Robot Olympiad – 2022» байқауының облыстық іріктеу кезеңі өтті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Назарбаев зияткерлік мектебінде робототехникадан «World Robot Olympiad – 2022» байқауының облыстық іріктеу кезеңі өтті. Оған облысымыздың 4 мектебінен жас конструкторлар мен бағдарламашылар қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Байқаудың бұл түрі жастардың шығармашылық қабілетін және проблемалық мәселелерді шешу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Әр маусымда «WRO» жаңа тақырып аясында ұйымдастырылады. Биылғы олимпиада «Менің роботым – менің досым» атауымен өтті. Онда Қызылжар Абай орта мектебі, Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп, қалалық бірінші жалпы білім беретін IT-лицейі және Назарбаев зияткерлік мектебінің командалары өзара мықтыны анықтады.

Жастар адамға нақты көмек көрсете алатын машиналардың жобаларын ұсынды. Осылайша «Болашақ инноваторлар» шығармашылық номинациясында жас ерекшеліктері бойынша бірінші орындарды Петропавл қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Арлан Мұхамеджанов, Владислав Просеков және Қызылжар Абай орта мектебінің оқушылары Максим Баранов пен Ольга Насонова иеленді.

Бірінші орынға ие болған барлық командалар олимпиаданың маусым айында өтетін республикалық кезеңіне жолдама алды.

Фото: НЗМ баспасөз қызметінен

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp