«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Петропавлда алғаш рет әйелдерге арналған коворкинг студиясы ашылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығында бизнеспен айналысатын әйелдер үшін коворкинг студиясы ашылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бірегей жобаның негізін Дина Мұхамеджанова қалаған. 3 баланың анасы бүгінде жеке кәсібін дөңгелетіп отыр. Оның айтуынша, бизнесін әлеуметтік желі арқылы дамытқысы келгенде проблема туындаған. Өз білгенін үйрету үшін әйелдерге арнап коворкинг студия ашу идеясын қолға алған. Жоба авторы солтүстікқазақстандық қыз-келіншектерге әлеуметтік желілер арқылы өз бизнесін дамытуды үйретуді жоспарлап отыр.

-Қазір кәсіпкерлердің көпшілігі өз ісін инстаграм арқылы жарнамалағысы, жүргізгісі келеді. Жаңадан ашылған студияда тауарларды Каспи, Вайлдберрис маркетплейсінде, сондай-ақ ТМД елдеріне жарнамалауды үйретеміз,-дейді Дина Мұхамеджанова.

Болашақта Дина Мұхамеджанованың командасы көп балалы аналар үшін тұрақты негізде шеберлік сыныптарын өткізуді жоспарлап отыр.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp