«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Солтүстікқазақстандық 2 полицейге «Ерлігі үшін» медалі табысталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшыларына арналған марапатты Қазақстан Республикасының ІІМ министрі Марат Ахметжанов табыстады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавл қалалық 1-інші полиция бөлімінің кезекші-инспекторы Мейіржан Төлебаев былтыр мамыр айында Есіл өзеніне құлап кеткен қызды құтқарып қалды. Суға кетіп бара жатқан қызды алып шыққан. Оған қоса, қызды құтқармақ болғанда батқан тағы бір ер адамды да ажалдан арашалап қалды.

Айыртау аудандық полиция бөлімі көші-қон қызметінің маманы Рүстем Кәрім көршісін өрттен құтқарды. Тәртіп сақшысы тұратын екі пәтерлі үйде қаңтар айында өрт шықты. Полицей өз отбасын үйден шығарып, көрші тұратын зейнеткерге көмектесіп, қарияны қауіпсіз жерге көшірген.

Фото:  Qyzyljarnews.kz / Талғат Тәнібаев

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp