«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 12.05.2022

Депозитке 10% өтемақы автоматты түрде аударылады

2023 жылы бюджеттен теңгедегі депозит бойынша 10% өтемақы автоматты түрде аударылады. Төлемақыны алу үшін қазақстандықтарға ешқайда барып әуре болудың қажеті жоқ. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавлдағы «ескі» аудандарды көркейту мақсатында «Жаңа Қала» бағдарламасы әзірленді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1054 қаулысымен бекітілген 2020-2025 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын орындау шеңберінде Петропавл қаласындағы «ескі» аудандарды кешенді қайта жаңарту үшін «Жаңа Қала» бағдарламасы әзірленді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Майдангерлерге арналған бейнеролик

Облысымыздың ішкі істер орган­да­рында екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 700-ден астам жауынгер қызмет еткен. Олардың есімдері даңқ ескерткішінде, музейдің экспозиция­ларында, ведомстволық баспасөз қызметінің мұрағатындағы басылым­дар мен бейнематериалдарда сақ­таулы. Солтүстікқазақстандық ми­лицияда жұмыс істеген майдангердің соңғысы – Григорий Красильников биылғы ақпан айында дүниеден өтті. Григорий Иванович өткен жылдың желтоқсан айында 100-ге толған еді…

Құрметпен еске алды

Екінші дүниежүзілік соғысқа Ақ­тас ауылынан 58 азамат атта­нып, 30-на бір уыс топырақ жат жерден бұйыр­ған. Соғыстың суық ызғарын сезініп, асыл жарын за­рыға күткен ана, әкесіз өскен бала қаншама. Солардың бірі – Сәлем Қасымов. Алматыда тұратын аға­мыз жақын­да туған ауылына келіп, өткенге тағзым етті. Бұған де­йін хабар-ошарсыз кетті деп есепте­лініп кел­ген әкесі соғыс аяқталуға екі ай …

Құрметпен еске алды Read More »

ӨНЕРЛЕРІ ӨРГЕ ОЗДЫ

Петропавлдық шығармашылық ұжымдар VII Халықаралық ұлттық мәдениеттер фестивалінде жүлделі орындарға ие болды. Алтай мемлекеттік мәдениет институты ұйымдастырған “достық палитрасы” VII Халықаралық фестиваль-байқауы онлайн форматта өтті.

Павлодарлық алаяқ

Петропавл полицейлері бірнеше интернет-алаяқтық жасады деген кү­дікпен Павлодар қаласының 21 жастағы тұрғынын ұстады. Бір фак­ті өткен жылдың қыркүйек айында орын алған. Петропавл тұрғыны интернеттегі хабарландыру бойын­ша магнитола сатып алмақшы бо­лып, алдын ала төлем ретінде қа­ра­жат аударған, салдарынан 80 мың теңгесінен айырылған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Петропавл қалалық бірінші поли­ция бөлімінің қызметкерлері күдік­тіні тапты. Мән-жайды анықтау ке­зінде …

Павлодарлық алаяқ Read More »

ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

Қоғамда қалыптасқан күрделі саяси жағдай бәрімізді қатты алаңдатқаны белгілі. Кешегі қаралы қаңтар оқиғасынан кейін сансыз сауалдар сананы сансыратып, көкейге тікендей қадалды. Енді не болады, қайда барамыз, кімге сенеміз деген сықылды болашаққа күмәнмен қараушылық, торығушылық, сенімсіздік бұлты көңілімізді торлағандай күй кештік. Осынау алмағайып кезеңде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауын жариялап, еліміздің саяси жүйесін түбегейлі өзгертуге бағытталған, …

ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ Read More »

Қарсылас шақ келтірмеді

Петропавлдағы Спорт сарайында қазақ күресінен “Қызылжар барысы – 2022” іріктеу турнирі өтті. Дәстүрлі жарысқа облыстың барлық аудандарынан 32 балуан қатысты. Елордада өтетін “Қазақстан барысы” республикалық додасына іріктеу кезеңі болып саналатын бұл жарысқа жерлестеріміз тыңғылықты дайындалып келгені көрініп тұрды. Облыс әкімінің орынбасары Тимур Сұлтанғазиев жарысқа қатысушыларды Отан қорғаушы күні мерекесімен құттықтап, балуандарға сәттілік тіледі.

Қызылжардың батыр ұлы

Қазақтың батыр ұлы, аға лейтенант, атқыштар ротасының командирі Әбу Досмұхаметовтің өр рухына тағзым ету мақса­тында Петропавлдағы майдангер атындағы дарынды бала­лар­ға арналған облыстық мамандандырылған гимназия-интер­натының аумағындағы бюстке гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді.

ЕРЛІКТЕРІ — ЖАДЫМЫЗДА

Ұлы Отан соғысының аяқталғанына биыл 77 жыл толып отыр. Сұрапыл соғыс жылдары Отанын қасық қаны қалғанша қорғаған майдангерлер мен бел жазбай жұмыс істеген тыл еңбеккерлерін мерекемен құттықтауға Мәңгілік алау маңына тұрғындар көптеп жиналды. Қолдарына алқызыл гүл ұстаған майдангерлерге құрмет көрсетіп, қаза тапқан боздақтарды бір сəт үнсіздікпен еске алды.