«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Павлодарлық алаяқ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл полицейлері бірнеше интернет-алаяқтық жасады деген кү­дікпен Павлодар қаласының 21 жастағы тұрғынын ұстады. Бір фак­ті өткен жылдың қыркүйек айында орын алған. Петропавл тұрғыны интернеттегі хабарландыру бойын­ша магнитола сатып алмақшы бо­лып, алдын ала төлем ретінде қа­ра­жат аударған, салдарынан 80 мың теңгесінен айырылған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Петропавл қалалық бірінші поли­ция бөлімінің қызметкерлері күдік­тіні тапты. Мән-жайды анықтау ке­зінде ұсталғанның ұқсас қылмыс­тарға қатысы бар болуы мүмкін екен­дігі анықталды. Жедел уәкіл­дер материалдарды павлодарлық әріптестеріне жіберді. Қазіргі уа­қыт­та ол Шығыс Қазақстан облы­сында және басқа өңірлерде жа­салған 15 интернет-алаяқтық бо­йын­ша күдік­ке ілінді. Қылмыстар жал­ған тауар­ға алдын ала төлемді талап ету арқылы жасалған.

Марат ЖҰМАЛИЕВ,

криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp