«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Петропавлдағы «ескі» аудандарды көркейту мақсатында «Жаңа Қала» бағдарламасы әзірленді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1054 қаулысымен бекітілген 2020-2025 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын орындау шеңберінде Петропавл қаласындағы «ескі» аудандарды кешенді қайта жаңарту үшін «Жаңа Қала» бағдарламасы әзірленді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Реновация бағдарламасы бойынша уәкілетті орган тозығы жеткен тұрғын үйлердің саны мен орналасуы, инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз ету мүмкіндігі, Петропавл қаласының бас жоспарына сәйкестігі туралы мәліметтерді дайындайды.

Тұрғын үй қорын реновациялау жобаларын қаржыландыру жергілікті бюджет және төмендегі тізім есебінен жүзеге асырылуы мүмкін:
1) жеке инвестициялар тарту, оның ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктері арқылы;
2) екінші деңгейдегі банктердің қарыздары;
3) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражатын тарту;
4) Реновация бағдарламасы бойынша жобаларды іске асыру барысында тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды сатудан түсетін кірістер.

Баспанасы ескірген үй иесі уәкілетті органға өтініш беріп, келесі құжаттарды ұсынуы керек:
1) жеке куәліктің көшірмесі;
2) тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттар (жер актісі, техникалық паспорт, меншік құқығын куәландыратын құжаттар);
3) мамандандырылған ұйымның тұрғын үйдің техникалық жай-күйі туралы қорытындысы;
4) коммуналдық қызметтерге, ПИК қызметтеріне, қоқысты шығару (болған жағдайда) бойынша берешектің барлық түрлерінің жоқ екендігі туралы анықтама;

Тұрғын үй-жайлардың меншік иелеріне ауданы бойынша бірдей мөлшерде жаңа пәтерлер беріледі. Көппәтерлі тұрғын үйдегі тең мағыналы үй-жайдың орнына Реновация бағдарламасына енгізілген үй-жайдың меншік иесі сатылатын мүліктің құнынан ақшалай немесе заттай нысанда тең бағалы өтем алуға құқылы. Бұл ретте құны тең өтем мөлшері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалады.

Фото: Qyzyljarnews.kz / Талғат Тәнібаев 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp