«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Петропавлда бір отбасы отқа оранған пәтерден шыға алмай қалған

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Назарбаев көшесіндегі үйлердің бірінде электр сымдарының тұйықталуынан өрт шықты. Үй иелері ерлі-зайыпты мен 2021 жылы туған бала шыға алмай, іште қалған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өйткені, туыстары есікті сырттарынан құлыптап кеткен. Олар балконға шығып, сол жерде көмек күткен. Өртсөндірушілер оқиға орнына жетіп, автосатының көмегімен кіреберіс есікті ашпақ болғанда, өсіп тұрған ағаш кедергі келтірген екен. Абырой болғанда тұрғындар құтқарылып, қауіпсіз жерге шығарылды.

1 жастағы қыз иіс тиіп уланды деген қауіппен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Тексеруден кейін бүлдіршін үйіне жіберілді.  Жалпы жалын 8 шаршы метр аумақты шарпыған. Салдарынан, тұрмыстық техника зақымдалды. Подъезден 15 адам, оның ішінде 3 бала эвакуацияланды.

Фото: ашық дереккөздерден

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp