«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қызылжардың батыр ұлы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақтың батыр ұлы, аға лейтенант, атқыштар ротасының командирі Әбу Досмұхаметовтің өр рухына тағзым ету мақса­тында Петропавлдағы майдангер атындағы дарынды бала­лар­ға арналған облыстық мамандандырылған гимназия-интер­натының аумағындағы бюстке гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді.

Әбу Досмұхамбетов 1920 жылы Мамлют ауданының Үшкөл ауы­лын­да дүниеге келген. Екінші дү­ниежүзілік соғыста атқыштар рота­сының командирі болған. 19 жа­сын­­да кеңес әскері қатарына ша­қы­­ры­лып, ондағы полк мектебін үз­дік бі­ті­ріп, лейтенант атағын алған. Кейін соғыс басталып, ол басқа жауын­гер­лермен бірге алдыңғы шепте қа­сық қаны қалғанша шай­қасқан.

Майдангер Киев қаласынан сол­түстікке қарай Днепр өзенінен өту кезінде айрықша көзге түседі. Ерлігі үшін Әбу Досмұхамбетовке 1943-ші жылдың 16-шы қазанында КСРО Жоғарғы Кеңесі Төрал­қа­сының Жарлығымен Кеңес Одағы­ның Ба­тыры атағы берілді. Чер­но­быль қа­ла­сының саябағында ба­тырға ар­налып бюст орнатылған.

Бұл шараға батырдың туыс­та­ры мен “Свитанок” украин мәде­ниеті ор­талығы, “Единение” ре­сей­лік отан­дастар бірлестігі, “Пет­ропав­ловская станицасы” өкіл­де­рі, “Се­верный ветер” мотоклубы­ның мү­шелері қатысып, жауынгер­дің өмір, ерлік жолы туралы есте­ліктерімен бөлісті.

Елена КИРЕЕВА,

М. Қозыбаев атындағы СҚУ “Орыс тілі әдебиеті” кафедрасының аға оқытушысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp