«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Құрметпен еске алды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Екінші дүниежүзілік соғысқа Ақ­тас ауылынан 58 азамат атта­нып, 30-на бір уыс топырақ жат жерден бұйыр­ған. Соғыстың суық ызғарын сезініп, асыл жарын за­рыға күткен ана, әкесіз өскен бала қаншама. Солардың бірі – Сәлем Қасымов. Алматыда тұратын аға­мыз жақын­да туған ауылына келіп, өткенге тағзым етті. Бұған де­йін хабар-ошарсыз кетті деп есепте­лініп кел­ген әкесі соғыс аяқталуға екі ай қал­ған­да ерлікпен қаза та­уып, Вен­грия­дағы бауырластар зи­ратында жер­ленгені анықта­лыпты.

Марқұмдарды еске алып, аруа­ғы­на Құран бағыштау рәсіміне осы ауылда туып-өсіп, еліне абыройлы қыз­мет атқарып жүрген жерлес­тері­міз, ғылым докторлары Бүр­кіт­бай Аяған мен Амандық Төле­шов те ор­тақтасты. Ақтас сегіз­жылдық мекте­бі­нің ұжымы ұйым­дастырған мере­келік жиын мен концерттік бағдар­ламаны сырттан келген қо­нақ­тар қызыға тамаша­лады. Оқу­шылардың өне­рі олар­ды тәнті етті. Білім сайысы да жұрт­шылық көңі­лі­нен шықты. “Мағ­жан оқулары­ның” аудандық бай­қауында көркем сөз оқу және ғылыми жоба бойын­ша 1-ші орынды иеленіп, облыс­тық кезең­ге жолдама алған Ербо­лат Жүсіп пен Аяжан Жұмағұлға ерекше қо­шемет көрсетілді.

Жеңіс күніне арналған футбол жа­рысына көрші ауылдардан бес ко­манда қатысып, бірінші орынды – Ақ­тас, екінші орынды – Бұлақ, үшінші орынды Светлое ауылы­ның коман­дасы иеленді. Жеңім­паз­дар мен жүлдегерлерге ақша­лай сый­лықтар табыс етілді.

Қонақтар құрылысы жүріп жат­қан Мәдениет үйі ретінде пайда­лануға берілетін нысанның жаны­на ағаш көшеттерін отырғызды.

Жансұлу ӨМІРЖАНОВА,

Ақтас мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Есіл ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp