«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Депозитке 10% өтемақы автоматты түрде аударылады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2023 жылы бюджеттен теңгедегі депозит бойынша 10% өтемақы автоматты түрде аударылады. Төлемақыны алу үшін қазақстандықтарға ешқайда барып әуре болудың қажеті жоқ. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

-Өтемақы алу үшін арнайы өтініш жазудың қажеті жоқ. Ақша автоматты түрде аударылып отырады,-деді Мәдина Әбілқасымова.

Еске салсақ, теңгедегі депозиттердің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін Ұлттық банк Үкіметпен бірлесіп бюджет қаражаты есебінен жеке тұлғалардың депозиттері бойынша өтемақы есептеуді көздейтін теңгедегі салымдарды қорғау бағдарламасын іске асырды.

Оған бір немесе екінші деңгейлі бірнеше банкте және Отбасы банкте ашылған жеке тұлғалардың теңгедегі салымдары қатысады.

Фото: ашық дереккөзден

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp