Қазақтың батыр ұлы, аға лейтенант, атқыштар ротасының командирі Әбу Досмұхаметовтің өр рухына тағзым ету мақсатында Петропавлдағы майдангер атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған гимназия-интернатының аумағындағы бюстке гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді.
Әбу Досмұхамбетов 1920 жылы Мамлют ауданының Үшкөл ауылында дүниеге келген. Екінші дүниежүзілік соғыста атқыштар ротасының командирі болған. 19 жасында кеңес әскері қатарына шақырылып, ондағы полк мектебін үздік бітіріп, лейтенант атағын алған. Кейін соғыс басталып, ол басқа жауынгерлермен бірге алдыңғы шепте қасық қаны қалғанша шайқасқан.
Майдангер Киев қаласынан солтүстікке қарай Днепр өзенінен өту кезінде айрықша көзге түседі. Ерлігі үшін Әбу Досмұхамбетовке 1943-ші жылдың 16-шы қазанында КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Чернобыль қаласының саябағында батырға арналып бюст орнатылған.
Бұл шараға батырдың туыстары мен “Свитанок” украин мәдениеті орталығы, “Единение” ресейлік отандастар бірлестігі, “Петропавловская станицасы” өкілдері, “Северный ветер” мотоклубының мүшелері қатысып, жауынгердің өмір, ерлік жолы туралы естеліктерімен бөлісті.
Елена КИРЕЕВА,
М. Қозыбаев атындағы СҚУ “Орыс тілі әдебиеті” кафедрасының аға оқытушысы.