«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨНЕРЛЕРІ ӨРГЕ ОЗДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдық шығармашылық ұжымдар VII Халықаралық ұлттық мәдениеттер фестивалінде жүлделі орындарға ие болды. Алтай мемлекеттік мәдениет институты ұйымдастырған “достық палитрасы” VII Халықаралық фестиваль-байқауы онлайн форматта өтті.

“Халық әні” аталымында жерлес “Украинские вечорныци” ансамблі I дәрежелі дипломмен марапат­тал­ды, ал “Калина красная” вокал­дық тобы II дәрежелі дипломға ие болды.

Ресей Федерациясының еңбек сі­ңірген мәдениет қызметкерлері қа­зы­лық еткен байқауға Ресейдің Ал­тай өл­кесі, Новосибирск және Томск об­лыс­тары, Қазақстаннан Пав­лодар жә­не Петропавл қалала­ры ұжымда­ры­нан 200-ден астам жұмыс ұсы­ныл­ды.

– Осындай маңызды шығар­ма­шы­лық сайыста біздің ансамбль­дер өздерінің жоғары кәсібилігін дә­лел­де­гені қуантады. Іс-шара әр­түр­лі ха­лық­тардың дәстүрлі мәдениеті мен фольклорын қолдауға, наси­хат­тау­ға, сақтауға, орындаушы­лар­дың ше­берлігін арттыруға және мем­лекет­тер арасындағы шығар­ма­шылық бай­ланыстарды нығай­туға ықпал ете­тін маңызды оқиға бол­ды, – дейді М. Қозыбаев атын­дағы Солтүстік Қа­зақстан универ­ситеті “Орыс тілі әде­биеті” кафед­ра­сының аға оқытушы­сы Елена Киреева.

Алтынай ҚАЗИҚАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp