«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Майдангерлерге арналған бейнеролик

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облысымыздың ішкі істер орган­да­рында екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 700-ден астам жауынгер қызмет еткен. Олардың есімдері даңқ ескерткішінде, музейдің экспозиция­ларында, ведомстволық баспасөз қызметінің мұрағатындағы басылым­дар мен бейнематериалдарда сақ­таулы. Солтүстікқазақстандық ми­лицияда жұмыс істеген майдангердің соңғысы – Григорий Красильников биылғы ақпан айында дүниеден өтті. Григорий Иванович өткен жылдың желтоқсан айында 100-ге толған еді…

9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында соңғы жылдары майдангерлермен болған кездесулер мен оқиғалар жи­нақталып, бейнеролик әзірленді. Со­ғыс ардагерлерінің үшеуі 100 жыл­дығын тойлаған болатын. Бұл бақыт­ты сәттер басшылықтың, жас қызмет­керлердің назарынан тыс қалмайды. “Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ер­ліктерін есте сақтап, өскелең ұрпаққа жеткізу – борышымыз. Сол күндердің оқиғалары ұзаған сайын, олар ту­ра­лы естеліктердің маңызы арта тү­се­ді”, – деді облыстық полиция де­пар­таменті бастығының орынба­са­ры, по­лиция полковнигі Сәуле Анда­ғұлова.

Тыл еңбеккерлері мен соғыс ар­дагерлерінің жесірлері де назардан тыс қалған жоқ. Мереке қарсаңында полиция ведомствосының өкілдері Га­лина Келібаева мен Дариға Әбілмә­жінованың үйіне барып қайтты. Ішкі істер органдары ардагерлерінің тізі­мінде тоғыз тыл еңбеккері бар.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp