«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Солтүстікқазақстандық әйелдер зейнетке шығу жасын төмендетуді сұрайды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

«AMANAT» партиясы СҚО филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, Парламент Мәжілісінің депутаты Дмитрий Колода Аққайың ауданы Астраханка ауылында тұрғындармен кездесу өткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Кездесу барысында тұрғындар Мәжіліс депутатына Әлеуметтік кодекске өзгерістер енгізуге қатысты көптеген сұрақтарын қойды. Астраханка елді мекенінің тұрғыны Гүлмира Қабанбаева әйелдердің зейнетке шығу жасын 63-тен 58 жасқа дейін төмендету керек деп есептейді.

-63 жас әйел адамға көп деп ойлаймын. Әсіресе ауылдағы әйелдер тез қартаяды. Бала туып, олардың күтімімен айналысу оңай емес. Денсаулығына байланысты 58 жас болу керек, — деді Гүлмира Қабанбаева.

Мәжіліс депутатының айтуынша, бүгінде әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету бойынша арнайы құжат әзірленуде.

-Біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Мәселе қаралады. Ол арнайы Әлеуметтік кодекске енгізілетін болады. Қазір оны Үкімет жасап жатыр. Жыл соңына дейін құжат Парламенттің қарауына ұсынылуы тиіс, — деді Дмитрий Колода.

Сонымен қатар, Дмитрий Колода ауыл тұрғындарына 5 маусымда өтетін бүкілхалықтық референдум туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп, маңызды шараға қатысуға шақырды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp