«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Мамыр 16, 2022

ҚАЛАМГЕР ЖОЛЫ

Көрнекті ақын, журналист, қоғам қайраткері Ғалым Малдыбаевтың туғанына 120 жыл толуына орай “Жыршыл жүрек” атты поэзия кеші өтті. Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада ұйымдастырылған шараға ақынның жерлестері, замандастары, шәкірттері қатысып, тұлғаның өмір жолынан сыр шертетін әдемі естеліктер айтты.

ВИНОКУРОВТЫҢ ІЗБАСАРЛАРЫ

Атақты жерлесіміз Александр Винокуров Лондон төріндегі Олимпиадада жеңістің ең биік тұғы­ры­на көтерілгеннен кейін солтүстік өңірде чемпионға ұқсағысы келетін жас толқынның саны күрт артты. Алды жеңістерімен қуантып та жүр. Жақында велоспорттан олимпиадалық резерв­тегі мамандан­дырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі директорының міндетін атқа­рушы Алла Винни­коваға жолығып, велоспортты серік еткен жастардың дайындығы жайлы сұрап білдік.

ҮЛКЕН МҮМКІНДІК

Соңғы жылдары еліміздің жастарына қолдау көрсетіп, тегін білім алуына, халық игілігі жолында қызмет істеуіне көмектесетін “Серпін” жобасы жайлы көп айтылып жүр. Тұрғындар тығыз орналасқан оңтүстік, батыс аймақ жастарын солтүстік, орталық, шығыс өңірлерге тартып жүрген жоба бүгінде өз ауқымын кеңейтіп келеді. “Qyzyljar” арнайы экономикалық аймағында ашылған “Alageum Eleсtriс” холдингіне қарасты Петропавл электр техникалық зауытында осы жоба …

ҮЛКЕН МҮМКІНДІК Read More »

Таңдауым — әскери мамандық

Кішкентай кезінен әр бала өз отбасының тірегі, туған-туыстарының қорғаушысы болуды армандайды. Ал туған жердің шекарасын күзету, ел тыныштығын сақтау – нағыз патриоттарға тән қасиет. Әскери қызметтің өз қиын тұстары бар. Мұны өскелең ұрпақ білгені абзал.

АРХЕОЛОГ ҰСТАЗ

Уәлиханов ауданының орталығы Кішкенекөлдегі мектептің мұғалімі Руслан Хайыргелдинов – оқушыларды археологиялық қазба жұмыстарына тартып, тарихтың тылсым құпияларына жетелеп жүрген жан. Қиындықтары да, қызығы да мол жұмыс. Көлікті де өзі іздейді, балаларды шатырларға да өзі орналастырады. Тамақтандыру жағын да тиісті мекемелермен келісуіне тура келеді. Бастысы оны ерекше қуантатыны – жастардың қазба жұмыстарына деген ынтасы, білімге деген …

АРХЕОЛОГ ҰСТАЗ Read More »

4%-дық автонесие беретін 4 банк анықталды

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ринат Гаппаров ел тұрғындарына 4%-дық жеңілдетілген автонесие беретін 4 банк белгіленгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ақынның тілдік тұлғасы

Алыптардың ізін ба­сып, олар­мен бірге халық мұңын, ха­лық қуа­ны­шын жырлап, шабыт туын көтер­ген ақын-жазушы­лардың ортасын­да Ғалым Рахметұлы Малдыбаев болды. Ақын шығар­машылық өмі­рінде көркем әдебиеттің әр саласы­на араласып, туған әде­биетіміз­дің барша жанрының да­муына сеп тигізіп, атсалысқан. Атап айтқанда, алғаш әдебиетке қысқа өлеңдер­мен келген ол поэма жан­рын меңгере жүре, драмалық шы­ғар­малар жазып, сын-сықақ жан­рының қазақ әдебиетінде дамуына …

Ақынның тілдік тұлғасы Read More »

МӘҢГІЛІК САҒЫНЫШЫМ

Әкем Ғалым Малдыбаев – сана­лы ғұмырын қазақ журналистикасы мен әдебиетіне арнаған жан. Ол өзі­нің “Өмірден ертегі” атты хикаятында туғанынан шешесінен жетім қалып, байдың есігінде күн кешіп, қозы бақ­қанын, көп қиянат көргенін баяндай­ды. Жасынан таршылық пен жоқшылық­тың зардабын тартқан әкем талапкерлігі, мақсатшылдығының арқа­сында талай жетістікке жеткені көбі­мізге аян. Молдадан сауатын шала ашса да, қолына қалам ұстап, …

МӘҢГІЛІК САҒЫНЫШЫМ Read More »

СӨЗ ЗЕРГЕРІ

Өлкелік партия комитетінің шешімі бойынша Баянауылда “Ленин туы” атты тұңғыш рет жас газет – жаңа газет шығатын боп жатқан қуанышты кез. 1931 жылдың күзі. Редактор болып Ға­лым Малдыбаев келді. Интернатты мектепте үш жыл бойы директор бо­лып істейтін мені аудандық партия ко­митеті Ғалым редактор болып келер­ден бір ай бұрын осы “Ленин туы” га­зетінің орынбасары әрі жауапты …

СӨЗ ЗЕРГЕРІ Read More »

АТТЕСТАЦИЯДАН ӨТЕ АЛМАДЫ

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мамандары баспасөз мәслихатын өткізді.

АТА ЗАҢНЫҢ ҮШТЕН БІР БӨЛІГІ ЖАҢАРАДЫ

Парламент Сенатының депутаты Ерік Сұлтанов өңірімізге жұмыс сапармен келіп, бірқатар кездесулер өткізді. Халық қалаулысы алдымен М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттерімен сұхбаттасып, 5 маусымға белгіленген бүкілхалықтық референдумның негізгі мақсаттарын түсіндіріп, Ата Заңға енгізіліп жатқан өзгерістерге тоқталды.

“ҚУАНЫШ” — ҚЫЗЫЛЖАРДЫҢ МАҚТАНЫШЫ Азия чемпионына 10 млн. теңгенің сертификаты табысталды

Солтүстікқазақстандық волейболшы қыздар өңір тарихында тұңғыш рет клубтар арасындағы Азия біріншілігінде топ жарғаны белгілі. Спортшылардың бұл жеңісі елеусіз қалған жоқ, “Green Park” отбасылық демалыс орталығында салтанатты жиын өтіп, облыс әкімі Құмар Ақсақалов команда мүшелерін құттықтап, сый-құрмет көрсетті.

Петропавлда тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері 100 жасқа толды

Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Сухомлинов 100 жасқа толды. Майдангердің мерейтойына орай Ұлттық ұлан Академиясының оркестрі оның ауласына барып, мерекелік концерт ұйымдастырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өңірде кене шаққан 80-ге жуық бала дәрігер көмегіне жүгінген

Облыста 260 адамды кене шақты. 10 күн ішінде зиянды жәндіктен зардап шеккен солтүстікқазақстандықтардың саны 2,5 есеге, ал былтырғы кезеңмен салыстырғанда 1,8 есеге артқан, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Конституциялық реформа – тарихтың жаңа парағы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы” Жолдауында жұртшылық назарына еліміздің саяси жүйесін түбірімен өзгертуге қатысты ауқымды бағдарлама ұсынғаны белгілі. Қалың көпшілік қолдау көрсеткен бастаманың негізгі идеясы өркениетті елдерге тән және де алуан түрлі көзқарастарды тоғыстырып, демократиялық тетіктерді қалыптастыратын азаматтық қоғам құруды көздейді. Мемлекет басшысы “Amanat” партиясының кезектен тыс ХХІІІ сьезінде Қазақстанда мемлекет …

Конституциялық реформа – тарихтың жаңа парағы Read More »