«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Ақынның тілдік тұлғасы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Алыптардың ізін ба­сып, олар­мен бірге халық мұңын, ха­лық қуа­ны­шын жырлап, шабыт туын көтер­ген ақын-жазушы­лардың ортасын­да Ғалым Рахметұлы Малдыбаев болды. Ақын шығар­машылық өмі­рінде көркем әдебиеттің әр саласы­на араласып, туған әде­биетіміз­дің барша жанрының да­муына сеп тигізіп, атсалысқан. Атап айтқанда, алғаш әдебиетке қысқа өлеңдер­мен келген ол поэма жан­рын меңгере жүре, драмалық шы­ғар­малар жазып, сын-сықақ жан­рының қазақ әдебиетінде дамуына қызмет еткен болатын. Қазақ әде­биетінің көгінде өмір бойы жемісті еңбек еткен ақынның қаламынан біршама сүбелі туындылар “Қырым қызы”, “Ба­тыр туралы жыр”, “Ақ ке­лін”, “Шах­тер”, “Ана әңгімесі”, “Қа­жымұқан”, “Қошан қарттың әңгіме­сі”, “Жиырма сегіз батыр”, “Көрұғы­лы”, “Қорқыт батыр”, “Сарыарқаға саяхат”, т.б. оқырман қауымынан лайықты бағасын алған. “Ғ.Малды­баевтың қай поэ­масын алсаңыз да, ерлікті, ба­тырлықты, батылдықты ша­быттана жырлайтыны рас. Ол поэмалардың кейіпкерлері ары таза, сезімтал жан­дар болып келе­ді. Ақынның туындыларының қай-қайсысы да сюжеттік шығармалар­ға жатады, де­мек, автордың жүйе­леп ұтар си­туациялары бар, шешім бар. Қайсыбір поэмаларын өлең­мен жазылған роман деуге де болатындай”.

Қазіргі тіл білімінде адамзат қауымының ғасырлар бойғы тіл ар­қылы дүние бейнесін тануға ұмтыл­ған талабынан келіп, шындық болмысты танудың белсенді формасы болып табылатын тілді тұтынушы, дү­ниетаным өзегі – тілдік тұлганы зерттеу проблемасы бой көтерді. Осы тектес жұмыстардың антро­поөзектік бағытына сәйкес ұлттық мәдени құндылық ретіндегі ұлттық тілдік мұраны, ұлттық ділді, ұлттық психологияны терең меңгерген Ғ.Малдыбаевтың тілдік тұлғасын зерттеу – ұлттық болмыс пен халықтың дүниетанымын тануда маңызы зор.

Ақын әдеби тіліміздің баюына, жеті­луіне, соның ішінде көркем әде­биет тілінің, бейнелі тілдің өзіндік қол­таңбамен молығуына зор үлес қосты. Оның қаламынан ұлттың жа­нына жақын небір өлең-жырлар, поэмалар туды. Соның барлығында ұлттық тілдің көркемдік бояуы өшпеген, езіне тән көркемдік мә­нер­мен баяндалған күйде жетті.

Ақынның поэзиялық мұралары қазақ поэзиясындағы өзінше бір көр­кемдік әлемді қалыптастырған – үлкен бір белес. Бұлайша бағала­уымызға ақынның поэзиясының тілі, ондағы көріктеу құралдарының қолданылу ерекшеліктері негіз бо­лады.

Қаламгер ақындығының бастау көзі – халықтық жыр-дастандар, хиссалар болды. Халықтық дәстүр­лі поэзиялық қолданыстар ақын өленңерінің көркемдік негізін құра­ды десе де болады. Ақын өзінің поэ­малары мен лирикалық өлеңдерін­де қазақ халқының дәстүрлі сөз өр­нектерін шеберлікпен пайдаланып отырған. Авторлық көркемдік ізденістер мен дәстүрлі қолданыстар жымдаса өріліп, ақын өлеңдерінің көркемдік бейнесін жасайды.

Ақын өзінің таным-түсінігін, қия­лын, болмысын белгілі бір ассоциа­ция арқылы береді. Оның өлеңде­ріндегі “өмір”, “өлім”, “табиғат”, “сұ­лулық”, “махаббат”, “қайғы”, “ашу”, “ерлік” т.б. концептері дүние бей­несін суреттеуде өте жиі қолданы­лып, ақынның өзіндік көзқарасын қа­лыптастырған. Соның бірі – адам­затқа ортақ, өмірлік мәні бар кон­цептілердің бірі – “өмір” концептісі. “Өмір” концептісі ақын өлеңдерінде негізгі тірек-бірлік болып саналады. Адам үшін ең басты құндылық, ең бағалы нәрсе – өмір болса, сол өмірді танып-білуде ұлттық сипат басым болып келген. Тілдік тұлға­ны зерттеуге қатысты жұмыстар­дың мақсаты оның мағыналық және тілдік доминанттарын табу болса, Ғ.Малдыбаев көркемдік мұ­расының негізгі концептілерінің бірі ретінде өмір концептісін атауға болады. Өмір концептісінің көркем дискурс шеңберінде әрбір нақты семантикалық, психологиялық және эмоционалдық-эстетикалық түрде жүзеге асуы тұлғаның тілдік санасының ерекшелігімен айқын­далады.

Әдетте, концептіге негіз бола­тын тірек сөз болады. Мысалы, “өмір” концептісіне “өмір” сөзі кілт сөз ретінде негізгі тірек ұғымын ат­қарады. Өмірді тану тәжірбиесі “өмір” концептісін көркемдік тұрғыдан бейнелеуінен көрінеді, автор­лық қолданыстарда әлем туралы бі­лім жинақталған. “Өмір” концеп­тісі – Ғ.Малдыбаевтың тілдік тұлғасын­да аса жиі қолданылатын лексика­лық бірліктің бірі. Оның тезаурусы ақын поэзиясында көбінесе мына­дай ассоциация арқылы танылған: сұм өмір, қонақ өмір, меңіреу өмір, қатыгез өмір, өмір – дауыл, өмір – те­ңіз, өмір – керуен, өмір – өткел, өмір – алтын тұғыр, өмір – ескі мен жаңаның көпірі т.б. Ақын поэмала­рында кейіпкерлерінің ащы тағды­рын көрсетуде төмендегі конце­пілерге жүгінеді: Өмір – тағдыр: Сұм тағдыр шырылдатқан бишара­ны; Өмір – қонақ: Тірлік – қонақ, кім­дер мәңгі тұрмақшы; Өмір-қатыгез: Арзының өмірі тас, серігі тас; Өмір – меңіреу тұрмыс: Алды жар, арты түйық меңіреу тұрмыс; Жегізіп тар тұрмыстан күдер үзгіз; Қамады қас­қыр болып тұйық өмір; Өмір – қо­ғам: Болғанда қоғам дауыл бұрқы­раған, Мұстапа қаңбақ болып түс­кен орға; Өмір – заман, дәуір: Ыс­қырған айдаһардай ол бір заман; Түйені түгіменен жұтқан дәуір; Бұл дүние көшіп кетер керуен болып т.б. Поэмаларындағы “өмір” концептісі кейіпкерлерінің тағдырымен өзек­тес, олардың көңіл күйлерімен, күй­зелу, мұң, аянышты тағдырларын танытатын ұғымдармен байланыс­ты алынған. Ол негізінен “Қырым қызы”, “Шахтер” поэмаларында жиі көрініс береді де, көбіне “қиындық”, “ашу”, “ажал” концептілерімен ас­та­сып жатады. Ақын өмірді бірде қаумалаған қасқырға балап мета­фора тәсілін пайдаланса, бірде ыс­қырған айдаһармен салыстырып теңеу әдісімен берген.

Табиғат аясында туып өскен әр­бір ақынның туған жер тақырыбына қалам тартпауы мүмкін емес. Туған мекенін, оның табиғатының әсемді­гін жырлау – барлық ақынның пер­зенттік парызы. Ақын туған жер та­би­ғатын ерекше махаббатпен, ша­быт­тана жырлайды. Жалпы ақын та­биғатты суреттегенде өзінің не ке­йіпкерлерінің көңіл күйін, сезім иі­рім­дерін шынайы жеткізу үшін фон ре­тінде жиі пайдаланады. Ол қай шы­ғармасында болмасын кейіп­ке­рімен бірге қуанады, шаттанады не­месе күйзеледі, қайғырады. Сон­дық­тан оның шығармалары шынайы, кейіпкерлері таныс болып, оқырман­дарын бірден баурап алады.

Ақын поэзиясындағы “Туған жер” концептісінің концептілік құры­лымы: Туған жер – ата-ана; Туған жер – тың дала; Туған жер – сұлу тоғай; Туған жер – қарақатты, мо­йылбасты, жемісті, шөпті, иісті, ке­лісті тоғай; Туған жер – сары теңіз Сарыарқа; Туған жер – Қызыл гүлді Қызылжар т.б.

Ғалым Малдыбаевтың тұлға ре­тіндегі танымы осы концептілік құрылымдар арқылы танылады. Концепт тудырудың метафоралық жо­лы – көркем ойлаудың нәтижесі деп түсінуге болады. Метафораның жасалу тетігінде бұрыннан белгілі сөздер мен жаңа мағына қосыла­тын сөздер салыстырылып, ассо­циацияланады, тың мағыналы жаңа тіркес пайда болады. Ақын көріктеу құралдарын жұмсағанда құр әсемдік үшін емес, поэзиялық шығармаларына ұлттық көркемдік болмысты сіңіре, жаңаландыра, түрлендіре пайдаланады. Көріктеу­дің түрлеріне ақын ретінде өзіндік көзқарасымен, үнімен қарап, қазақ поэзиясындағы дәстүрлілікті шы­ғармашылық тұрғыдан кеңейткен. Ғалым Малдыбаевтың тілдік тұлға ретінде қалыптасуының поэтика­лық негізі берік, ол өзінің көркем ті­лімен, қазақ әдебиетіне әкелген тың туындыларымен тілдік тұлға деңгейіне көтерілген ақын.

Жанар ТАЛАСПАЕВА,

филология ғылымдарының кандидаты, профессор.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp