«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

ҚАЛАМГЕР ЖОЛЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Көрнекті ақын, журналист, қоғам қайраткері Ғалым Малдыбаевтың туғанына 120 жыл толуына орай “Жыршыл жүрек” атты поэзия кеші өтті. Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада ұйымдастырылған шараға ақынның жерлестері, замандастары, шәкірттері қатысып, тұлғаның өмір жолынан сыр шертетін әдемі естеліктер айтты.

Кеш шымылдығын М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан уни­вер­ситетінің студенті Дияс Аяған өзінің арнау өлеңімен ашты. Одан соң өңірімізге белгілі қоғам қайрат­керлері мен жазушыларға сөз кезегі берілді.

– Ғалым ағамыз ақын, жазушы, журналист, бір сөзбен айтқанда сан қырлы азамат болған. Оның өмірі мен шығармашылығы кімге болма­сын өнеге. Ол – қазақ әдебиетінің дамуына ғана үлес қосқан жоқ, қа­зақ баспасөзіне де ерекше еңбек еткен азамат. Қарашаңырақ – об­лыстық “Soltüstık Qazaqstan” газе­тіне де көп еңбек сіңірген. Осында болып жатқан түрлі оқиғалардың ортасында жүрді. Сонау алма­ғайып, аласапыран заманда қазақ баспасөзінің дамуына айрықша үлес қосып, облысымыз ғана емес, республиканың түкпір-түкпірінде газеттердің ашылуына бір кісідей ықпал етті. Сөйте жүріп сол өңірдегі талантты азаматтарды іздеп, та­уып, олардың өнер жолына түсуіне ұйытқы болды, – деді алғашқы бо­лып сөз алған “Қызылжар-Ақпарат” жауапкершілігі шектеулі серіктес­тігінің директоры Жарасбай Сүлейменов.

Кеш барысы Ғалым Малдыбаев туралы әдемі естеліктермен өріліп, жыр сүйер жастар ақынның отты жырларын мәнерлеп оқыды.

Қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар, облысымызға ғана емес, рес­публикаға аты мәлім тұлғаның өмірі мен шығармашылығы – бүгінгі ұр­пақ үшін рухани азық, құнды тәр­бие. Ғалым Малдыбаев 1902 жылы Шал ақын ауданының Жаңажол ауылында дүние есігін ашқан. Ол тұ­тастай өмірінде “Қырым қызы” сын­ды поэмалар мен жырлар жа­зып, қоғамның тыныс-тіршілігін өлең­­ге арқау ете білді. Сөйтіп, халқына сүбелі дүниелерді тарту етті.

Бектұрған ЛАҚАДЫЛ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp