«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

ҮЛКЕН МҮМКІНДІК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Соңғы жылдары еліміздің жастарына қолдау көрсетіп, тегін білім алуына, халық игілігі жолында қызмет істеуіне көмектесетін “Серпін” жобасы жайлы көп айтылып жүр. Тұрғындар тығыз орналасқан оңтүстік, батыс аймақ жастарын солтүстік, орталық, шығыс өңірлерге тартып жүрген жоба бүгінде өз ауқымын кеңейтіп келеді. “Qyzyljar” арнайы экономикалық аймағында ашылған “Alageum Eleсtriс” холдингіне қарасты Петропавл электр техникалық зауытында осы жоба бойынша білім алған жастар жемісті еңбек етіп жатыр.

Бүгінде “Серпін” бағдарламасы аясында мыңдаған жас білім алып жатқаны белгілі. Дипломдары қолдарына тиген соң, сол оқыған өңірлерде тұрақтап қалса – жобаның сәтті жүзеге асырылғаны. Петропавл электр техникалық зауытындағы жұмысшылардың бір тобы – дәл осы бағдарламамен оқыған жас мамандар. Солардың ішінде М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде “Инженер-машина жасау” мамандығын игерген Түркістан облысының тумасы Асылжан Романов та бар.

– “Серпін” бағдарламасы туралы естігеннен кейін жоғары оқу орындарын қарай бастадым. Таңдауым М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетіне түсті. 2021 жылы оқуды сәтті бітіріп, өз мамандығым бойынша жұмыс іздедім. “Alageum Electric” компаниясынан жұмысқа орналасу туралы ұсыныс түсті. Әрине, ұсынысты қуана қабылдадым. Себебі мен үшін мұндай алып компанияда жұмыс істеу – үлкен жетістік. Өйткені бұл кәсіпорын елдегі электр жабдықтарын жасау саласындағы ең ірі компаниялардың қатарында. Шыны керек, еңбек жолымды осындай үлкен компанияда, жаңа өндірісте бастауды армандамаған едім. Жалақысы да жоғары. Өңірдің экономикасын арттыруға бар күшімді салып, өз еліме пайдалы болғым келеді, – дейді жас маман.

Жоғары оқу орнын аяқтай салысымен жұмысқа кабылданған ол алғашқы үш ай лазерлік кесу станогында оператор болып істеген. Кейін зауыт басшылығы оны техникалық бақылау бөлімінің инженері лауазымына тағайындапты.

Кейіпкеріміздің айтуынша, зауыт басшылығы кәсіпорын қызметкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Жаңадан отбасын құрған кәсіпорын қызметкерлеріне материалдық қолдау жасалады. Мәселен, компанияда жұмыс істейтін қыз бен жігіт отау құратын болса, оларға зауыт тарапынан 500 мың теңге жәрдемақы берілетінін айта кеткен жөн. Бала тууына байланысты әйелдерге 350 мың теңге мөлшерінде біржолғы сыйлық қарастырылса, ер адамдарға кәсіпорын есебінен 250 мың теңге төленеді. Баспана мәселесін шешуге де көмектеседі. Кәсіпорын ескі ғимаратты жөндеп, жұмысшыларға жатақхана қылып беріпті.

Әділет БАҒЛАНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp