«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Петропавлдағы НЗМ студенттері өздерінің тың жобаларын ұсынды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Солтүстік Қазақстан облысының экологиялық көшбасшылық мектебінің» түлектері кезекті жобаларын қорғады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қатысушылар 10 түрлі жоба ұсынып, қазылар алқасының алдында қорғап шықты. Соның ішінде үшеуі үздік атанып, жоба авторлары көшбасшылар форумына шақырту алды. Мәселен, Нұрай Ахметова қазылар алқасына эко-сөмке жасаудың маңыздылығы мен қоршаған ортаға тигізер пайдасын айтып шықты. Ал Бауыржан Рақат киімдерді жаңарту бойынша әзірлеген жобасын ұсынды. Бибіханым Кемелбек, Дария Аманкелді және Бақдәулет Қалимовтан құралған топ «Жасыл болашаққа бір қадам» атты жұмыстарын таныстырды.

— Іс-шара соңында 12 шәкіртке «Солтүстік Қазақстан облысының экологиялық көшбасшылық мектебінен өткендігі туралы» сертификаттар табысталды,-деді экология департаментінің баспасөз қызметі.

Фото: экология департаментінің баспасөз қызметінен

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp