«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

“Болмаса да ұқсап баққан” өрендер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Дәстүрлі Абай және Мағжан оқуларының облыстық кезеңі Петропавлдағы данышпанның атын иеленген маманданды­рыл­ған қазақ мектеп-гимназиясында өтті. Оған 3-11-сынып оқушылары қатысты.

– Біз бұл шараны “Балалар жы­лы” аясында ұйымдастырып отыр­мыз. Алғаш рет оған облыс мектеп­терінің бастауыш сынып оқушыла­ры қатысты. Қазақтың ұлы қос тұл­ғасының еңбектерін жатқа айтқан үміткерлердің өнерлері бізді сүй­сінт­ті. Абайды оқыған, Мағжан жыр­ларымен сырласқан бала жаман болмайды, – дейді Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясы директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орын­басары Айгүл Есенғалиева.

Петропавл қаласы мен он үш ау­данның білім беру ұйымдарының на­мысын қорғаған 152 оқушы өздері­нің өнерлерін ортаға салды. Олар­дың ішінде ұлы ақындар шығарма­ла­рының білгірлері, болашақта қа­лам­гер болуды көздегендер, Абай сөз­деріне ән шырқаған әншілер де бар.

Бастауыш пен жоғары сынып оқу­шылары аталымдар бойынша жеке-жеке марапатталды. Бастауыш сы­ныптар арасында “Өлең – сөздің пат­шасы, сөз сарасы” аталымы бойын­ша Абай атындағы маманданды­рыл­ған қазақ мектеп-гимназиясының 3-сынып оқушысы Елнұр Оңда­сын, 4-сыныптан Шоқан Уәлиханов ау­данының Қарашілік негізгі мекте­бінің оқушысы Жасмина Ахметова жүлделі бірінші орынды иеленді. Ал “Ұлылар әлемі” аталымы бойынша Қызылжар ауданындағы Парасат мектеп-лицейінің 3-сынып оқушысы Аружан Қажымұрат пен Абай атын­дағы мамандандырылған қазақ мек­теп-гимназиясының 4-сынып оқу­шы­сы Ердәулет Кәрібай 1-орынды қанжығаларына байлады.

Жоғары сыныптар арасында 9 ата­лым бойынша Әділет Нұрмаш, Әйгерім Төлебай, Кәусар Төрехан, Бекзат Бағдат, Әспет Тұрсынбаева, Жәнібек Мырзат, Ангелина Араке­лова, Диана Жоламан, Алтынай Ере­жепова үздік деп танылды.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp