«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Тартысты кездесу

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Футболдан ел біріншілігінің 11-ші туры аясында “Qyzyljar” клубы атыраулық командамен күш сынасты. Бұл кездесуде алты бірдей гол соғылды.

Есепті кездесудің 3-ші минутын­да “Атырау” командасының фут­бол­шы­сы Амандық Набиханов аш­ты. Сол­түстікқазақстандықтар есе қай­та­ру­ға тырысқанымен бірінші тайм нә­ти­жесі өзгеріссіз қалды. Ойын­­ның екінші бөлігінде атырау­лықтар ша­буылды үдете түсіп, 46 минутта Ан­дрия Филиппович тағы бір гол соқты.

Осыдан кейін ғана ширақ қи­мыл­дай бастаған петропавлдықтар есеп айырмасын қысқартты. Бұл жолы айып добын Юрий Бушман сәтті орындады. Ал кездесудің 71 мину­тын­да “Атырау” қақпасына пенальти белгіленіп, жерлестеріміз таблодағы нәтижені теңестірді.

Алайда қуаныштары ұзаққа со­зылмады. Көп ұзамай қорғаушы­лар­­дың қателігін ұтымды пайда­лан­ған Андрия Филиппович дубль ав­торы атанды. “Qyzyljar” аяқдоп­шы­лары қарсыласты соңғы минут­тарға дейін қыспаққа алды. Негізгі уа­қыт аяқта­лып, төреші қосқан қо­сым­ша 5 ми­нутта қарсылас қақпа­сына тағы да он бір метрлік айып до­бы белгіленді. Нүктеге келген Юрий Бушман мүлт кетпеді. Қорытынды есеп – 3:3.

Жерлестеріміз турнир кестесін­де 9 ұпаймен 13-ші орында келеді.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp